Заңгер Тәшенова: «Мамай үшін бұл садақа емес, нағыз саяси жаназа болды»

Заңгер Тәшенова: «Мамай үшін бұл садақа емес, нағыз саяси жаназа болды»

Бауыржан Байбектің адвокаты Айжан Ташенова белсенді Ж.Мамайдың сот шығындарын өтеуге «садақа» деп халықтан ақша жинап жүргеніне қатысты пікір білдірді. Ол Мамайдың «садақа» ұғымын бұрмалап, діндарлардың сезімдерін қорлап жатқанын және осы діни амалдың түпкі мәнін өзгерткенін баса айтты.

«Ж.Мамай әлеуметтік желілерде осы соманы төлеу үшін қаражат жинайтыны туралы жар салып, акцияны «Садақа» деп атады. Исламда бұл ерікті қайырымдылық болып есептеледі. Оны мұсылман адам еңбекпен тапқан қаражаты есебінен мұқтаж жандарға өз қалауы бойынша Жаратқанның разылығына бөлену ниетімен береді. Жалпы садақа сөзі кең мағынада қолданылады. Садақа – бұл материалдық қана емес, кез-келген қайырымдылық», – деп жазды Тәшенова.

Заңгердің ойынша Мамайдың ақша жинап жүргені садақа емес, жай ғана қарапайым манипуляция. Бұл белсенділердің кезекті пиар жасау әрекеті, тағы да саяси ұпай жинап қана қоймай, материалдық қаражат жинауға талпыныс жасауы екендігін алға тартты.

«Мамай мен Иманбаева маған сенім білдірушіні дөрекі және ашық түрде қорлап, заңды бұзды. Ол сотта толық дәлелденді. Барлық сот отырыстарында олар өздеріне саяси дивидендтер жинап, көпе-көрнеу өтірік айтты. Заң бойынша іс-әрекетке жауап беретін уақыт келгенде, олар жауапкершілікті басқа адамдарға артып отыр. Бұл – садақа емес, қарапайым манипуляция. Бауыржан Байбектің есімін жамылып, кезекті пиар жасау әрекеті, тағы да саяси ұпай жинап қана қоймай, материалдық қаражат жинауға талпыныс жасалды.

«Ж.Мамай өз қарыздарын біреудің есебінен төлеуге тырыса отырып, адамдарды алдап, қарапайым рухани және моральдық құндылықтарының жоқтығын, саяси тайыздығы мен жауапсыздығын көрсетеді. Бұның бәрі «Мамай – саяси өлік» деген менің тезисімді тағы да растай түседі. Ал бұл акция өзінің арсыздығы мен азғындығы бойынша ол үшін нағыз «саяси жаназа» болды», – деді заңгер.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

  Қазақстанда шетелдік инвестицияларды тарту үшін жағдайды жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Осы бағыттағы кезекті қадам – инвесторлық виза, яғни...

Қазақстан өзінің минералдық-шикізаттық базасын белсенді дамытып, жоғары технологиялық өнімдерді өңдеу мен өндіруге инвестициялау үшін қолайлы жағдай жасай...

AIS OIP мобильді қосымшасы азаматтарға атқарушылық өндіріс саласындағы ақпарат пен қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Қолданбаны Google...

9 мая 2025 года в Парке Победы состоялась театрализованная концертная программа, посвящённая 80-летию Великой Победы в Великой Отечественной...