Мамайский демпартияның қылығы – тура жеңілтек қыздың қылығы – блогер

Мамайский демпартияның қылығы – тура жеңілтек қыздың қылығы – блогер

Елімізге белгілі блогер Мақсат Жақау демпартияның басшысы Жанболат Мамайдың қоғамдық қызметіне күмәнданып, іс-әрекетін цирктегі клоундардың қойылымына теңеді. Блогер жеке пікірін өзінің Facebook-тегі парақшасында қалдырды.

Оның айтуынша саясаттан хабардар адамдар псевдосаясаткер, псевдожурналист, псевдоұлтшыл Жанболат Мамайдың әрбір қылығын қаперіне алмайтын жағдайға жеткен. Одан бөлек Мамайдың бұл жасап жүрген әрекеттері қоғамды да шаршатқан дегенді алға тартты.

«Мамайский демпартияға қарасақ, тура жеңілтек қыздың қылығы, бірде жылап, бірде күліп, бірде айқайлай жөнелетін тұрақсыз, негізсіз әрекеттермен көрініп жүр. Кімге керек бұл сайқымазақтық?!

Қоғам бастапқы да, бір сенгендей болып еді, артынша әрбір ұяға өз жұмыртқасын тастап жүре беретін жеңілтек көкек («кукушка») партиясының жеңіл жүрісіне мән де бермейтін болды. Ол заңды да, не қалды онда ақылға қонымды...

Демпартиямыз деп алып, өз өтірігіне өзі сенгенді көріп таң қалмайтын болдық қой. Оған ерген үш-төрт белсенділерді көріп, ақыры жиналсаңдар, заңды жолмен әуелі партияның уставын, жарнасын, бағдарламасын белгілеп, бекітсе қайтеді. Көшенің бұрыш-бұрышында құр айқаймен еліміздің кешенді саясатын қопаратындай жүгіріп жүргендері тіптен күлкілі, бұндай сайықмазақтық менің ойымша, тұтас еліміздің өркениетті азаматтық қоғам құруда әсте үлкен кедергі болмақ» – деді Жақау.

Блогер демпартия жақтастары цирктен қашқан саяси клоундар сияқты, әрі жерден жем шұқыған тауықтар секілді өз жағдайларын ғана күйттеумен жүргендей көрінетінін айтты. Бұның барлығын ол бүйректен сирақ шығарып, отқа май құятын ақымақ елге арамза молдалардың пайда болғанындай елестейтінін жасырмады.

«Қазір, елдің көзі ашық қой. Әлеуметтік желі кім көрінгеннің ермегі болып алды, біреуі данагөй семинарист, екіншісі бизнесмен, үшінші түрі осы атың шықпаса жерөртегіш саяси хайпер болып алған Мамай сияқтылардың қияли ойындары. Енді қиял емей немене, аты бар да заты жоқ демпартия, ертең жемпартия, арғы күні емпартия ма сонда?! Жоқ, бұлай болмайды...

Дана қазақ айтқан екен, «өзің диуанасың кімге пір боласың?» деп, осындай көкек партия болғаныңа жол болсын. Күлі көкке ұшты...

Әлі де кеш емес, бұл патшағарларға есті жиюға. Елді алдағандар деп елді алдауды, қоғамды орынсыз дүрліктіруді қойған жөн. Өйткені, орынсыз тамағы тоқтықпен, көйлегі көктікпен жұртты аздырудың заманы өтті, – деп сөзін тарқатты блогер.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...