Тоқаев: Кәсіпкерлер әкімнің соңынан жүгірмеуі керек

Тоқаев: Кәсіпкерлер әкімнің соңынан жүгірмеуі керек

Аудандық деңгейдегі шағын және орта бизнесті дамытуда әкімдерге жұмыс орындарын көбейту бойынша нақты меже қою керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ.

«Аймақтарда жұмыстың алға басуы әкімге байланысты екені рас. Кәсіпкерлік бастаманың жолын кесіп, тежейтін де көбінесе әкімдер. Бұл ащы ақиқат. Тіпті қаржылай көмек бермек түгілі заң аясында әкімшілік көмек көрсетпейді. Мұндай жөнсіздікті шұғыл түрде доғару керек. Аудан әкімдеріне нақты меже қойылсын. Біз енді жұмыс тәсілін өзгертеміз. Кәсіпкерлер әкімнің соңынан жүгірмеуі керек, керісінше әкім инвесторды тартуы қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкент қаласының тұрғындары бүгін таң рауандап атысымен-ақ, «Даңқ» мемориалына жиналды. Мұнда «Ұлы Жеңіс — ұрпаққа аманат» атты салтанатты іс-шара...

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармонияда Жеңістің 80 жылдығына орай арнайы тақырыптық апталық ұйымдастырылды, деп хабарлайды ...

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында аты аңызға айналған ұшқыш, ҚР авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі...