Қазақстан 400-ден астам адамның Украинадан шығуына көмек көрсетті

Қазақстан 400-ден астам адамның Украинадан шығуына көмек көрсетті

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен шет елдердегі мекемелері Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау жұмысы басталғаннан бері 431 азаматқа шығуға көмек көрсетті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

 

Олардың арасында Польшаға – 404 адамға, Молдоваға – 21 адамға, Мажарстанға – 5 адамға, Словакияға – 1 адамға шығуға жәрдем көрсетті. Қазақстандық дипломаттар жоғарыда аталған мемлекеттердің шекарасынан өтуді, азаматтарды жинауды және Қазақстанға одан әрі жетуді қамтамасыз етеді.

«Air Astana» әуекомпаниясының екі эвакуациялық ұшағы 299 адамды шығарып үлгерді, олар Катовице қаласынан (Польша) Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына жетті. Сонымен қатар, осы жылдың 3 наурызында үшінші эвакуациялық ұшақты жіберу пысықталуда.

«Қазіргі уақытта Катовице қаласында 68 ҚР азаматы елге оралуын күтуде. Бұған дейін шекараны кесіп өткен бірқатар азамат ЕО аумағында қалу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, азаматтарымызды украин-поляк шекарасына жеткізу үшін Киевтен 57 адамға және Львовтан 41 адамға сапар ұйымдастырылды», - делінген Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

  Қазақстанда шетелдік инвестицияларды тарту үшін жағдайды жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Осы бағыттағы кезекті қадам – инвесторлық виза, яғни...

Қазақстан өзінің минералдық-шикізаттық базасын белсенді дамытып, жоғары технологиялық өнімдерді өңдеу мен өндіруге инвестициялау үшін қолайлы жағдай жасай...

AIS OIP мобильді қосымшасы азаматтарға атқарушылық өндіріс саласындағы ақпарат пен қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Қолданбаны Google...

9 мая 2025 года в Парке Победы состоялась театрализованная концертная программа, посвящённая 80-летию Великой Победы в Великой Отечественной...