Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қуантыров Әлібек Сәкенұлы кезекті Үкімет отырысында мәлім етті. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Асханұлы Смайыловтың төрағалығымен өткен селекторлық жиынға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов пен Шымкент қаласының салалық басқарма басшылары қатысты.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қуантыров Әлібек Сәкенұлы инвестиция тарту бойынша Қалақстанда Шымкент қаласы, Ақмола облысы мен Алматы қаласында жоғары өсім байқалып отырғанын атап өтті. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің айтуынша, Шымкент қаласында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда инвестиция тарту көлемі 73,2 пайызға артқан.
2022 жылдың төрт айында Шымкент қаласының экономикасына 108,6 миллиард теңге инвестиция тартылды, осы көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы Қазақстан Республикасының қалалары бірінші орынға ие болды. Алдағы жылдары бұл көрсеткіштер әлде қайда артады деп күтүлуде.
Жалпы Шымкент қаласында 2021-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 2,7 триллион.теңгеге 296 инвестициялық жобалардың базасы жасақталды. Жаңа жиырма мыңнан аса жұмыс орындары ашылатын болады. Оның ішінде, 2022 жылы құны 241 миллиард теңгені құрайтын алпыс бес инвестициялық жоба іске асырылып, 2500 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. Шымкент қаласының алдағы жылдардағы жоспарларына сәйкес қаламыздың көркеюіне инвестициялар тартылуда. Еліміздің кәсіпкерлерінен бөлек қаламызға шетелдің кәсіпкерлерінің қызығушылығы артуда. Мәселен Туркия, Ресей т.б. алыс жақын шет ел өкілдері қаламыздың көркеюіне ат салысуға дайын екендерін атап өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілетеме жасаған no-comment.kz ақпараттық агенттігі.