Биыл Шымкент қаласындағы Ақжайық шағынауданында 8 шақырымды құрайтын 16 көшеге жөндеу жүргізіліп, 3 көшеге кешкі шамдар орнатылады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданы тұрғындарымен өткен кездесуінде айтылды.
Ақжайық елді мекенінде қазір 4 мыңға жуық тұрғын үй бар. Үйлердің басым бөлігі жеке сектор, 35-і көпқабатты үй. Бүгінде елді мекенде 3 мектеп пен 12 балабақша бар. Ақжайық елді мекенінде алдағы жылдары жоспар бойынша мектептер мен балабақша және т.б. инфрақұрылым жоғарғы деңгейінде дамуы жоспарланған.
Шағынаудан электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен толық қамтылған.
Өткен жылы 8 балалар ойын алаңшасы мен 2 спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілген. Биыл Ақжайық шағын ауданында 10 спорт алаңшасының құрылысы жүргізілуде. Алдағы уақыттарда елді мекен аумағында мемлекеттік бюджет тарапынан және қаламыздың кәсіпкерлері тарапынанда елді мекеннің көркеюіне алаңшалар салу жоспарланған.
Ықшам ауданда жалпы 72 көше болса, оның 48-і асфалттанып, 24 көшеге шағал тас төселген. 2022 жылы 16 көше, 2023 жылы №1,2,3,4 және 8,9 көше, Астық, Көкшетау, Зеңгі ата көшелері жөнделеді. Ал, 2024 жылы Айнала, Әулие ата, Торғын және атауы жоқ екі көшеге жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Аталған елді мекеннің тұрғындарынан келтірілген қолайсыздықтардан кешірім сұраймыз.
Бүгінде ауданда 8 көше жарықтандырылған. Биыл Ақжайық елді мекеніне қарасты Балқарағай, Асфендияров көшесі жарықтанса, 2023 жылы Байсбаев пен Қарасай, 2024 жылы Спанов пен Уали ата көшелеріне кешкі шам орнатылады. Бұдан бөлек елді мекенде көшелерді абаттандыру, көшелер мен қоқыстарды тазалау жұмыстары уақытылы жүргізілуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілетеме жасаған no-comment.kz ақпараттық агенттігі.