Қайнарбұлақ тұрғын алабын инфрақұрылыммен қамтылуы айтылды

Қайнарбұлақ тұрғын алабын инфрақұрылыммен қамтылуы айтылды

Шымкент қаласының Қайнарбұлақ тұрғын алабында ең өзекті мәселе – инжинерлік-инфрақұрылым. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесуде аудан әкімі Рахымберді Мулкеманов осы аумақты инфрақұрылыммен қамту жұмысының барысын айтты. Тұрғын алаптын қала өмірінде алатын орны бөлек екендігіде аталып өтті.

Шымкент қаласына қарасты Қайнарбұлақ тұрғын алабтағы 1 540 үйдің 279-ы ғана ауыз су және сапалы электр жарығымен қамтылған. Қалған бөлігіне ауыз су тасымалданып, жарықты жекеменшік трансформатордан алады.

Қайнарбұлақ тұрғын алабында ауыз су тарту үшін жобалау жұмысы аяқталып, қазіргі таңда сатып алу конкурсы өтуде. Құрылысы 2022-2023 жылдары жүргізіледі.

Мемлекеттік жүйедегі электр жарығын жеткізу мақсатында құрылыс 2021 жылы басталған болатын. Аяқталу мерзімі 2023 жылға жоспарланып отыр.

Ал, аудан бойынша табиғи газбен қамту үшін «МПК проект» жобалаушы мекеме тарапынан ішкі жүйелердің жобасы жасалуда.

Қайнарбұлақ тұрғын алабының жалпы көше саны 47. Оның 3-і асфальтталған, 39 көшеде шағал тас, 5 топырақ жол. 2023 жылы16 көше (10,6 км), 2024 жылы 13 көше, 2025 жылы 15 көше жөнделіп, асфальт төселеді. Тұрғын алаб тұрғындары мен қонақтарынан келтірілген қолайсыздықтардан кешірім сұраймыз.

Бүгінде Қайнарбұлақ тұрғын алабта 1 әмбебап және 2 спорт алаңшасы бар. Биыл ойын алаңшасын салу үшін бос жерлерге зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар кәсіпкерлер тарапынан да тұрғын алаб бойынша алаңшалар салу қарастырылған.

Қайнарбұлақ тұрғын алабынының кәсіпкерлігін дамытуда инфестициялық жобалар да қарастырылуда деп хабарлайды құзырлы орган өкілдері.

Сондай-ақ Қайнарбұлақ ауданда абаттандыру, аудан аумағында көгалдандыру жумыстары жүргіліп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілетеме жасаған no-comment.kz ақпараттық агенттігі.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Павлодар облысы барлық негізгі макрокөрсеткіш бойынша оң динамиканы көрсетуде. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,8...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау, салықтық және кедендік...