Шымкент қаласындағы сексен бір елді мекеннің он тоғызы кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген болса, биыл кәріз жүйесіне қосылған елдімекен саны алтыға артады. Осылайша Шымкент қаласының кәрізбен қамтылу көрсеткіші елу төрт пайыздан, алпыс пайызға жететін болады. Бұл көрсеткіш жылдан жылға өседі деп ойлаймыз. Кәріз жолдары қаламыздың инфрақұрылымына қосар үлесі зор.
Бүгінде бұл көрсеткішті арттыру мақсатында барлығы он алты нысанның құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда Шымкент қаласында екі магистралды кәріз коллекторы, бір кәріз сорғы станциясы және Шымкент қаласының он үш елді мекенінде ішкі орамдық кәріз құбырлары тартылуда.
Жыл соңына дейін Шымкент қаласында Арғынбеков, Тұран магистралды кәріз коллекторларының және Достық кәріз сорғы станциясының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Сонымен бірге, Шымкент қаласының Самал-3, Мирас-Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік – Шығыс, Хлопзавод, Жұлдыз тұрғын алабындағы ішкі орамдық кәріз жүйелерінің құрылысы аяқталып, осы алты елді мекен орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады және арнайы тазалау жұмыстары жүргізіледі деген ойдамыз. Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарынан осы жұмыстардың салдарынан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Алдағы жылдары Шымкент қаласының басқада магистралды кәріз жолдарын салу жоспарланып отыр. Атап айтқанда қаламызда кәріз коллекторы, кәріз сорғы станциялары мен кәріз құбырларын жүргізу бойынша тиісті жоспарлар тізілген. Шымкент қаласының кәріз құбырларын салу жоспар бойынша орындалуда. Бұдан бөлек кәріз жолдарын салуда шет елдің арнайы мамандарымен тығыз жұмыстар жасалуда. Шет ел мамандарынан кәріз жолдарын салуда пайдаланып жатқан көрсеткіштерін пайдалану жоспарлануда, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілетеме жасаған no-comment.kz ақпараттық агенттігі.