Шымкентте 450 шақырым көшеге жол таңбалары сызылады

Шымкентте 450 шақырым көшеге жол таңбалары сызылады

Шымкентте 450 шақырым көшеге жол таңбалары сызылады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Шымкент қаласында биыл 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылады. Оның ішінде 250 шақырым жол таңбалары термопластикпен сызылса, қалған 200 шақырымы акрилді бояумен сызылады.

Бұл туралы Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Нұрбол Лесов хабарлады.

–Шымкент қаласында жалпы ұзындығы 3200 шақырымнан астам көше болса, соның 1500 шақырымы жол таңбаларын сызуға жатады. Биылғы жылы соның 450 шақырымын жаңартуға қала бюджетінен 340 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. Негізінен орталықтағы магистралды көшелерге 250 шақырым жол таңбалары термопластикпен сызылады. Қолданыстағы стандарттар бойынша оның қызмет ету мерзімі 6 айды құрайды. Яғни, бұл таңбалар акрилді бояуға қарағанда 2 есе ұзақ сақталады, – дейді Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Нұрбол Лесов.

Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Нұрбол Лесовтың айтуынша, көлік қозғалысына кедергі келтірмеу үшін жол таңбалары түнгі мезгілде сызылып жатыр. Бүгін Желтоқсан көшесінің бойында осындай жұмыстар жүргізілді. Ал, жалпы осы күнге дейін барлығы 35 шақырым көшенің таңбалары жаңартылып үлгерген. Мамандардың айтуынша, ауа райының және қоршаған ортаның әсеріне байланысты таңбалар тозған жағдайда күз айларында ішінара қайта сызылуы мүмкін. Төбеде көрсетілген жұмыстардың көбісі түңгі уақытта жүргізіледі. Сондай-ақ Шымкент қаласының тұрғындарынан осы жұмыстар аяқталғанша қолайсыздықтардан кешірім сұраймыз. Осыған байланысты қала тұрғындарының өтініштері мен сұрақтары қаралуда.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Павлодар облысы барлық негізгі макрокөрсеткіш бойынша оң динамиканы көрсетуде. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,8...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау, салықтық және кедендік...