Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Бағдат Мусин автокөлікті тіркеу рәсімін жеңілдету шаралары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Аптаның басында мамандандырылған ХҚКО-ға бардым. Адам өте көп. Елордалық мамандандырылған ХҚКО-ға келушілер саны бірнеше мыңнан асады. Әрине, біздің міндетіміз – қызметтің бәрін автоматтандыру. ҚР ІІМ-нің цифрландыру бойынша жаңадан тағайындалған вице-министрі Сәкен Сәрсеновпен бірге процесті жеңілдетуді пысықтаудамыз. Бізге қазір ХҚКО-ға келушілер санын мүмкіндігінше азайту қажет. Жүргізілген талдау нәтижесі Нұр-Сұлтан қаласында ресімделетін автокөліктің 30% автосалоннан сатып алынатыны анықталды. Сондықтан автосалондарда мамандандырылған ХҚКО бұрышын ұйымдастыру.
Шымкентте автосалоннан жаңа көлік алатын тұтынушыларға енді көліктерін мамандандырылған ХҚО-да тіркеудің қажеті жоқ. «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдерінің айтуынша, бұдан былай автокөлікті тіркеп, мемлекеттік нөмірді таңдап, техпаспортты тікелей автосалонда рәсімдей аласыз.
-Бұған дейін жаңа көлік сатып алғанда азаматтар қала сыртындағы мамандандырылған ХҚО-ға бару керек болатын. Ал, қазір автокөлік иелері құжаттарын тез әрі ыңғайлы алуы үшін австосалонда біздің қызметкерлер дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00- ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Жоба жүзеге асырылғалы автосалонда 20 жуық автокөлік тіркелді», - деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.
Айта кетейік, жүргізуші куәлігін ауыстыруға, автокөлікті қайта ресімдеуге, нөмірлік белгіні таңдауға, есепке қоюға, мемлекеттік нөмірді жеткізуді ресімдеуге eGov.kz порталында жүзеге асыруға болады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.