Тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау жүргізілуде

Тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау жүргізілуде
2022 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту шараларының бірі ретінде
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың сәуір айының 18-ші жұлдызынан бастап жалға берілетін тұрғын үй ақысын субсидиялау бағдарламасына “Отбасы банк” арқылы онлайн режимде оtbasybank.kz («Баспана маркет» маркетплейсі) порталында өтініштер қабылдау басталды.
Атаулы көмек қағидатына сәйкес:
50% - мемлекет, қалған 50% - ын әлеуметтік көмек алушы өз бетінше төлейді.
Қайталама тұрғын үйді жалға алу үшін төлемдер табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен кезекте тұрған көпбалалы отбасылар, жетім балалар, 1,2 топ мүгедектері және мүгедек бала тәрбиелеуші отбасыларға ұсынылмақ.
Субсидия алуға өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен қабылданады. Сондықтан әр бір азаматтың ЭЦҚ-ның болуы немесе қолданыстағы ЭЦҚ-ның жұмыс істеп тұрғанын көз жеткізулері қажет.
Жалдау ақысын субсидиялауға үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен (1 КМ = 36 018 теңге 01.01.2022 ж. жағдай бойынша) аспауы тиіс.
Субсидия алуға үміткердің Отбасы банкте депозиттік шоты болуы тиіс.
Өтініш берушілер үшін негізгі талаптар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы;
2) Отбасының (азаматтың) соңғы 6 (алты) айда отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспайтын жиынтық табысының болуы;
3) тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюды және тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растау болып табылады
4) Құқықтық кадастрда тіркелген тұрғын үй иесі мен жалға алушы арасында жасалған шарттың болуы.
Төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру мәселелері бойынша азаматтар "Отбасы банк"АҚ-на жүгіне алады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Павлодар облысы барлық негізгі макрокөрсеткіш бойынша оң динамиканы көрсетуде. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,8...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау, салықтық және кедендік...