Шымкент қаласының әкімі «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан жаңадан ашылған бірқатар кәсіпорындарды аралады, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Шымкент қаласы «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан «Аlem luxury» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылысы жуырда аяқталды. Жиһаз өндіруге бағытталған фабрика жылына 5 мың өнім өндіруге әлеуеті бар. Жобаны жүзеге асыруға 500 млн теңге тартылған. Қала әкімі Мұрат Әйтенов индустиалды аймақты аралау барысында кәсіпорынның жұмысымен танысты.
Шымкент қаласының әкімі аралап көрген келесі нысан – «DentaFill Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Дәрілік және гигиеналық заттарды өндіретін компания жылына 10 млн дана өнім шығаруға әлеуеті бар. Бүгінде нысанның құрылысы аяқталып, қажетті құралдармен жабдықталуда.
Одан кейін қала әкімі Мұрат Әйтенов «Smart eng» жиһаз фабрикасында болды. Жылдық әлеуеті 120 мың жиһаз өндіретін кәсіпорын жақын арада ресми түрде өз жұмысын бастағалы тұр. Нәтижесінже 100 адам жұмыспен қамтылмақ.
Аумағы 2 гектар жерге орналасқан фабриканың құрылысы 2021 жылы басталып, оған 750 млн. теңге инвестиция тартылған.
–Кәсіпорын ашуға ықылас білдірген кәсіпкерлердің барлығына өз тарапымыздан түрлі бағытта қолдау көрсетуге дайынбыз. Қаламызда зауыт, фабрикалардың көптеп салынуы қала экономикасына оң әсерін тигізумен бірге, азаматтарымыз тұрақты жұмыспен қамтылады. Ендігі кезекте жұмысшылардың еңбек шарттарында көрсетілген барлық қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілуі керек, -деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.
Тассай индустриалды аймағы қаламыздың жұмыспен қамту саласына қосқан үлесі зор. Жұмыспен қамтудан бөлек қаламыздың инфрақұрылымы, тазалығы және т.б. салаларында да жоғанғы орындарда.