Қаратау ауданындағы 16 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде

Қаратау ауданындағы 16 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласының аудан аумақтарында қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде Қаратау ауданы бойынша Таскен, Тұран, Достық, Нұртас, Тассай шағын аудандарында 16 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, Таскен тұрғын алабында 650 шаршы метр болатын 3 көшеге, Тұран шағын ауданы бойынша 3 көшеге, 8 550 шаршы метрді құрайды, Достық шағын ауданында 5 көшеге, яғни, 17 440 шаршы метрге, Нұртас шағын ауданы бойынша 3 көшеге, ол 750 шаршы метр, Тассай тұрғын алабына 3 көшеге, яғни 2650 шаршы метрге шағал тас төселеді.

Жалпы Қаратау ауданы бойынша 21 шақырымға шағал тас төсеу жоспарлануда.

Алдағы уақытта Қайнарбулақ саяжайы бойынша 10 көшеге, Бозарық саяжайы бойынша 2 көшеге, Асар-2 шағын ауданы бойынша 2 көшеге, Қайнарбұлақ тұрғын алабына 5 көшеге, Сайрам тұрғын алабындағы 8 көше мен Исфиджаб тұрғын алабындағы 9 көшеге шағал тас төселеді.

Сондай-ақ Қаратау ауданы – Қазақстанның Шымкент қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. 2014 жылы құрылған. Аудан атын атақты ақын, жазушы, қоғам қайраткері Мархабат Байғұт ұсынды.

Қаратау ауданына 28-ден астам елді мекендер мен шағын аудандар енгізілген. Қаратау ауданы "Азат", "Ақжайық", "Асар", "Бозарық", "Достық". "Достық-2". "Қайнар бұлақ". "Қайтпас", "Қызылсай", "Мәртөбе", "Мирас" (жартылай), "Нұрсәт", "Нұртас", "Орманшы", "Өтеміс", "Сайрам", "Тәжірибе бекеті", "Таскен", "Тассай", "Тұран", "Шапырашты" шағын аудандары мен тұрғын алаптарын біріктірді.

Алдағы уақыттарда аудан бойынша басқада нәтежиелі жұмыстар күтілуде. Аудан тұрғындарынан келтірілген қолайсыздықтардан кешірім сұрап, сабыр етуге шақырамыз, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

  Қазақстанда шетелдік инвестицияларды тарту үшін жағдайды жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Осы бағыттағы кезекті қадам – инвесторлық виза, яғни...

Қазақстан өзінің минералдық-шикізаттық базасын белсенді дамытып, жоғары технологиялық өнімдерді өңдеу мен өндіруге инвестициялау үшін қолайлы жағдай жасай...

AIS OIP мобильді қосымшасы азаматтарға атқарушылық өндіріс саласындағы ақпарат пен қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Қолданбаны Google...

9 мая 2025 года в Парке Победы состоялась театрализованная концертная программа, посвящённая 80-летию Великой Победы в Великой Отечественной...