«Бақытты отбасы» бойынша өтінімдер қабылдау 20 маусымда басталады

«Бақытты отбасы» бойынша өтінімдер қабылдау 20 маусымда басталады

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау ағымдағы жылдың 20 маусымнан бастап қабылданатын болады. Аталған жеңілдетілген несиелік ипотекалық бағдарламаға тұрғын үй кезегіндегі көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі бала

тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасы (ажырасқан уақыты 3 жылдан кем болмауы тиіс) санаттарындағы азаматтар қатыса алады.

Бақытты отбсына өтінімдер www.otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталы арқылы онлайн қабылданатын болады.

Лимиттерді бөлу барысында басымдық - мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілмек.

Бағдарламаға шарттары:

- Несие мөлшерлемесі жылдық 2%;

- Бастапқы жарна - 10%.

Ипотекалық несие 20 жылға рәсімделеді.

Аталған бағыт бойынша 2022 жылға бөлінген лимит негізінде «Отбасы банк» өзінің интернет ресурстары арқылы өтінімдерді қабылдауды ағымдағы жылдың 20 маусымына дейін жүргізген болатын. Қазіргі таңда аталған банк арқылы негізгі және резервтік тізім қалыптастырылып, азамттардың төлем қабілеттілігін тексеру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиелік бағытта баспана алуды көздеген азаматтарға бастапқы жарна мөлшерінің бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификаты белгіленген шекте берілмек.

Мемлекеттен қолдау тапқан «Бақытты отбасы» бағытына тұрғын үй кезегінде тұрған «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, толық емес отбасылар және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады.

Бағдарлама арқылы жылдық мөлшері 2 пайыздан аспайтын алғашқы жарна 10 пайызбен, 20 жылға жаңа және екінші нарықтағы тұрғын үйлерді сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Егер азаматтардың ай сайынғы табыс көзі жетпей жатқан жағдайда, туысы немесе жақыны кепіл бола алады.

Айта кету керек, биыл бұл бағытқа қатысуға үлгермей қалған тұрғын үй кезегінде тұрған жоғарыда аталған толық емес, көпбалалы және мүгедек бала асыраушы отбасылар санатындағы азаматтар алдағы жылдарға бөлінетін лимитке сәйкес «Отбасы банк» арқылы келесі жылы өтінім тапсыра алады.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...