Көшелердің тазалығы тұрақты бақылауға алынған

Көшелердің тазалығы тұрақты бақылауға алынған

Көшелердің тазалығы тұрақты бақылауға алынған

Әл-Фараби ауданы аумағындағы басты 102 көшеге 906 қоқыс жәшіктері орнатылған. Осы орталық көшелердегі 213 аялдама мен 425 қоқыс жәшіктерін күніне 2 рет (таңертең- кешке) жинауға «Build stroi» мердігер мекемесі тарапынан 10 техника мен 180 коммуналдық қызметші жұмылдырылған.

Аудан орталығындағы халық көп шоғырланған 87 аялдама мен 172 қоқыс жәшіктерін күніне 3 рет (таңертең, түсте, кешке) тазарту үшін мердігер мекеменің қосымша мобильдік 4 техника мен 30 қызметшісі жұмыс істейді.

Осы бағыттағы тазалық жұмыстар күнделікті кесте бойынша жүзеге асып отыр. Атқарылған жұмыстың сапасын аудан әкімдігі тарапынан тұрақты бақылауға алынған.

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағындағы көше жиектерінде ирригациялық арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілді.

Тазалық жұмыстары аудан аумағындағы негізі және ішкі орам жол бойларында орналасқан көшелерді тазартудан басталды.

Кестеге сәйкес өткізіліп отырған күнделікті тазалық жұмыстары аудан әкімдігінің жіті бақылауына алынған.

Қаратау ауданына қарасты көшелер, аялдамалар, қоқыс жәшіктері кестелерге байланысты тазартылып, жуылып отырады.

Сондай-ақ «Жасыл жер» ЖШС қызметкерлері Еңбекші және Қаратау аудандарының көшелерін таңғы мерзімде ауданға қарасты 200-ден аса көшелерді шаң мен топырақтан жуып, шаю жұмыстарын жүргізіп отырады.

Абай ауданы бойынша тазалау жұмытсары кестеге байланысты жүргізіліп отырады. Ауданға қарасты көшелер, қоқыс жәшіктері т.б. тазалау қажет ететін жерлер күнделікті жуылып, тазартылып отырады. Ауданға қарасты көпқабатты үйлердің аулаларын мердігер компания белгіленген уаққыт бойынша тазартып отырады.

Қала тұрғындарынан қоршаған ортаны таза ұстауға, қоқыс тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін арнайы қоқыс жәшіктерін пайдалануға шақырамыз, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...