Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қаладағы құрылыс нысандары мен ағын су мәселесін шешу мақсатында жасыл желек аймақтарын аралады.
І.Қожабаев көшесінде 5,6 шақырымға жол негізі әзірленіп, суағар орнату жұмыстары басталды. Жұмыс барысын бақылаған қала басшысы тиісті бөлім басшысы мен мердігерге бірқатар ескертулер айтып, тапсырмалар жүктеді.
Биыл Түркістан қаласында 46,4 шқ. құрайтын 40 көше орташа жөндеуден өтеді деп жоспарланған. Орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелердің басым бөлігі - коммуникациялық жүйелері (ауыз су, сарқынды су, газ) толығымен аяқталған, сондай-ақ, қоғамдық көліктер жүретін көшелер.
Сонымен қатар, 1-мөлтек аудандағы көпқабатты үйлердің электр желілерін кабельдік желіге ауыстыру бойынша атқарылған тірліктерді тиянақтады.
Биыл, яғни 2022 жылы:
- Тәуке хан даңғылы, Қазыбек би, М.Әбенова, Төле би, Н.Төреқұлов, Н.Тынышқұлов көшелерінде;
- Әл-Фараби, Ататүрік, С.Ерубаев көшелерінде;
- Б.Саттарханов даңғылы, Кенесары көшесі және 1 және 2 мөлтек аудандарында кабельдік желіге ауыстыру құрылыстары қарқынды жүруде.
Сондай-ақ, жеке тұрғын үйлерді сапалы электр қуатымен қамту бойынша 1 жоба басталды. Осы жұмыстардың нәтижесінде электр қуатымен қамту көрсеткішін 98,5 пайыздан 99 пайызға жеткізу көзделген.