Түркістан: Жетісай диқандары 25 тонна қарбызды экспорттауға дайын

Түркістан: Жетісай диқандары 25 тонна қарбызды экспорттауға дайын
Түркістан облысы, Жетісай ауданында қарбыз пісті. Жетісай ауданы, Атамекен ауылдық округіне қарасты Жемісті ауылында 1 гектар алқаптан 25 тонна қарбыз Ресейге экспортталуға дайын тұр. Қарбыз тамшылатып суғару әдісімен өсірілген.
– Тамшылатып суғарудың пайдасы мол екен. Жыл сайын 6 мың түп егетін едім, осы әдіспен биыл 8 мың түп шықты. Бұл өз кезегінде мол өнім алуға мүмкіндік береді. Тамшылатып суғарудың тағы да бір артықшылығы – тыңайтқыш 5-6 есе аз кетеді. Қол күшін де көп қажет етпейсің. Қарбыздың 60-65 күнде пісетін «Долбый» атты сортын сәуір айында ектік. Қазір бағасын келіссек, 25 тоннадан астам қарбызды үзейін деп жатырмыз. Бұған дейін келісіне 210 теңге ұсынып кетті, бұл бағадан 20-30 теңгеге жоғарылау бағаны көздеп отырмын, – дейді «Атымтай» шаруа қожалығының төрағасы Атымтай Омаров. Қарбыз бір-екі күн көлемінде Ресейге жөнелтілмек.
Айта кетейік, биыл Жетісай ауданы бойынша 17 мың гектарға бақша дақылдары егілген. «Бір алқаптан 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 1100 гектар аумақта 236 жоба іске асырылып жатыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектеновке Алматыға жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысы және қала дамуының негізгі...

2025 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Жасыл климаттық қордың (Green...