Шымкент тұрғындары саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Шымкент тұрғындары саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Бүгін Шымкенттегі «Қасірет» мемориалында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті. Қаралы жиында тағдырдың қатал сынағына ұшыраған боздақтарға құрмет көрсетіліп, бір минуттық үнсіздікпен басталды.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов пен зиялы қауым өкілдері «Ана мен бала» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Бабалар кешкен қайғылы сәттер театрландырылған көріністер арқылы көрсетіліп, сахналандырылған қойылым қойылды. Жиналғандар бабалар рухына құран бағыштап, өткен күнге салауат айтты.

Расында да, отызыншы жылдарды былай қойғанда, 1919-1922 жылғы аштықтың өзі қазақтың еңсесін езіп кеткені анық-тын. Большевиктер 1919 жылдың басынан бастап ел ішінде азық-түлікті тәркілеу саясатын қолға алған еді. Қазақтың бақшасы болмағасын, қолындағы бары — малын тәркілеу басталды. Сексеуілді сексеуілге ұрып сындырғандай, қазақтың өз ішіндегі қызыл белсенділер — Ахметше айтқанда «өз ауылымыздың иттері» құлшына іске кірісіп, теңдікке уәде берген большевиктердің бетпердесі шешіле бастаған еді. Алаш арыстарының аштықтан елді аман қалу үшін аласұрып жылу жинайтыны да — осы кез.

Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңы қабылданды. Ал, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ 31 мамыр – саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялады. Жалпы, зерттеушілер деректеріне сүйенсек, 1927-53 жылдары Қазақстан бойынша 125 мыңнан бастам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды. Осы қуғын сүргін жылдарында бүкіл елде 953 лагерь болған. Қазақстанда ГУЛаг-тың 20-дан астам лагері орналасқан.

Тәуелсіздік жылдары аралығында 146,5 мың күнәсіз жазғырылған отандасымыздың аттары жазылған 14 «Аза кітабы» жарыққа шықты. Заңнамаға сәйкес, 340 мыңнан астам заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар ақталды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

  Қазақстанда шетелдік инвестицияларды тарту үшін жағдайды жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Осы бағыттағы кезекті қадам – инвесторлық виза, яғни...

Қазақстан өзінің минералдық-шикізаттық базасын белсенді дамытып, жоғары технологиялық өнімдерді өңдеу мен өндіруге инвестициялау үшін қолайлы жағдай жасай...

AIS OIP мобильді қосымшасы азаматтарға атқарушылық өндіріс саласындағы ақпарат пен қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Қолданбаны Google...

9 мая 2025 года в Парке Победы состоялась театрализованная концертная программа, посвящённая 80-летию Великой Победы в Великой Отечественной...