Өтегенов көшесінің құрылысы 2023 жылы аяқталады

Өтегенов көшесінің құрылысы 2023 жылы аяқталады

Қала әкімі М.Әйтенов Өтегенов көшесі жалғасының жұмысын тексерді. Көшенің І кезеңі Шымкент сити шағынауданынан Сырым батыр көшесі аралығын қамтиды. Жобаның жалпы ұзындығы 1,205 шақырым, ені 28 метр. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты. Қазір жерді сәйкестендіру және қысымдау жұмыстары атқарылуда.

Өтегенов көшесі жалғасының ІІ кезеңі Сырым батыр көшесі мен Төлеметов көшелері аралығы қамтылған. Жалпы ұзындығы – 0,970 шақырым, ені – 23,5 метр. Екі кезеңің де құрылыс 2021 жылы басталып, 2023 жылы падалануға беру жоспарланған.

Аталған құрылыс жұмыстар толық аяқталғанда Бәйдібек би даңғылының қазіргі көлік жүктемесі едәуір жеңілдейді.

Сондай-ақ, биыл Шымкентте 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылатын болады. Оның ішінде 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 200 шақырымы акрильді бояумен сызылады. Айта кетейік, жол таңба сызықтарын сызу түнгі уақытта жүргізілуде. Мұның өзі күндізгі уақытта көлік кептелісін тудырмау мен қозғалысқа кедергі келтірмеу мақсатын көздейді. Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қала ішіндегі тозығы жеткен бірнеше көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Тапсырма аясында жөндеуден өтіп жатқан магистральды көшелердің бірі - Ғ.Иляев көшесі. Жөндеу жұмыстары 2021 жылдан басталған көшеге жаңа асфальт төселіп, екі жағынан аяқ жолдар мен веложолдар салынуда. Қазіргі кезеңде Ғ.Иляев пен Қонаев даңғылының қиылысы мен Байтұрсынов көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысында жиек тастарын орнату мен қатар аяқ жолдарын орнату көзделуде. Бұл 3.3 шақырымды құрайды. Яғни, Ақпан батыр көшесі мен Бейбітшілік көшесіне дейінгі аралық. Аталған жөндеу жұмыстары 2021 жылы басталған болатын, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...