Ағымдағы жылы Әл-Фараби ауданында 50 көп қабатты тұрғын үйдің ауласында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жоспарланған.
Қазіргі таңда, абаттандыру жұмыстары 28 аулада жүргізіліп жатыр. Аталған аулаларда тұрғындар демалуына арналған орындықтар мен бастырма, қоқыс жәшігі, балалар ойын элементтері және ересектерге арналған спорт элементтері орнатылуда. Аталған жұмыстарға «Strong service»ЖШС-ы, «New level» ЖШС-ы жауапты.
Ал қалған 22 ауланы абаттандыруға мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
Шымкент қаласы аумағын абаттандыру қағидасының 10-тармағының 1 тармақшасы /барлық ұйымдық-құқықтық нысандардың және заңды тұлғалары, оның ішінде күрделі жәнеуақытша объектілер дербес өз қаражаты есебінен немесе ұйымдармен шарт жасасу жолымен бөлінген аумақты санитариялық күтіп-ұстауд, абаттандыруды қамтамасыз етеді/, 97 тармағы /ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп-ұстау/, 98 тармағы /өз еркімен ғимараттардың қасбеттерін және олардың конструктивтік элементтерін қайта жабдықтауға жол берілмейді/, 102 тармағы /дүкендер мен кеңселердің беткі жақтары және жұмыс жағдайында ұсталуы керек, қажет болған жағдайда жеке элементтері теңгерім ұстаушымен жөнделеді және сырланады/ бойынша аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандар аумағының талапқа сай толық абаттандырылу және көгалдандыру жұмыстарына мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Ауданда орналасқан кәсіпкерлік нысандарға жүргізілген мониторинг барысында ірі және шағын мейрамханалар, дәріханалар мен азық-түлік маркеттері, сауда үйлері аумақтарының басым бөлігінде толығымен келушілерге қолайлы жағдай жасалып, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары жүргізілгендігі анықталды.
Сондай-ақ, кемшіліктер орын алған кәсіпкерлік нысан иелеріне ескерту беріліп, алдағы уақытта нысан ауласын қала аумағын абаттандыру қағидаларының негізгі талаптарына сай жүйелеп, абаттандыру жұмыстарын жандандыру жүктелді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.
Құрметті аудан кәсіпкерлері!!! Баршаңызды өз кәсіпкерлік нысан аумағын қағида талаптарына сәйкес абаттандырып және көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге шақырамыз! Қала мәртебесін бірге асқақтатып, көркеюіне атсалысайық!!!