Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялап, оларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты тапсырмалар берген еді. Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың болашағына мән беріп, жастарға зор үміт артатынын алға тартып, олардың жарқын болашағы үшін барлық жағдай жасау керегін нақтылады. Сондықтан Балалар жылы аясында «AMANAT» партиясы көптеген ауқымды шаралар өткізіп, жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасында 5 жылда 314 көп қабатты үйдің ауласын абаттандыру көзделген. 2021 жылы 177 ауланы абаттандыру жоспарланып, 212 көп қабатты үйдің ауласында балалар ойын алаңдары және ашық жаттығу жабдықтары орнатылды. Ал ағымдағы жылы 1 спорт кешені, 137 балалар ойын алаңдары, аудандарда 30 спорт секциясы пайдалануға беріліп, тұрғындардың жайлы өмір сүруі мен балалардың уақытын тиімді өткізуге жағдай жасалды.
Бүгін Әл-Фараби ауданына қарасты Байтұрсынов көшесі №88 үй ауласының жаңа балалар ойын алаңшасы тұрғындардың игілігіне тапсырылды.
-«Жас ұрпақ тәрбиесі – елеулі міндеті. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Сондықтан партия тарапынан тек Балалар жылы аясында ғана емес, үнемі жас буынның сапалы өмір сүруіне, қауіпсіз қоршаған ортада өсіп-өнуіне жағдай жасайтын боламыз», - деді Ж.Бектаева.
Сондай-ақ, «AMANAT» партиясы Абай аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдауына Ақжар мөлтек ауданының тұрғыны арыз-шағымымен келді. Руслан Утегеновтің айтуынша өзі тұратын елді мекенде электр желісін жүргізу жұмыстары сын көтермейді.
Қала тұрғынының мәселесімен «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі жеке танысып, аталмыш аудан аумағындағы елді мекендерді электрмен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілетін айтқан болатын. 2022 жылдың мамыр айының алғашқы аптасынан Ақжар шағын ауданының көшелеріне сапалы электр жүйелерін тарту басталды. Осылайша Р.Утегеновтің өтініші оң шешім тауып, тұрғындар өз ризашылығын білдірді, деп хабарлайды «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.