Түркістан облысында білім беру мекемелерінің 92,2 пайызына аттестаттау жүргізілген

Түркістан облысында білім беру мекемелерінің 92,2 пайызына аттестаттау жүргізілген

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті биыл жыл басынан 366 білім беру ұйымының 181-іне аттестаттау жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 106 балабақша, 73 мектеп, 2 колледж бар. Нәтижесінде 14 білім беру ұйымы аттестатталып, талаптарға сәйкес келмегені - 167. Бұл көрсеткіш мемлекеттік аттестаттау жүргізілген білім беру ұйымының 92,2% құрайды. Бұл туралы департамент басшысы Ғалымжан Алматов мәлімдеді.

«Жыл басынан бері электрондық үкімет веб-порталының www.egov.kz, www.elicense.kz ақпараттық жүйесі арқылы 130 мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш түскен. Қаралған 130 өтініштің 22-сі қанағаттандырылып, біліктілік талаптарына сәйкес келмеген 108 өтініш кері қайтарылды. Сондай-ақ, 7 білім беру ұйымына және жаңадан ашылған 9 білім беру ұйымына лицензия және лицензия қосымшалары қайта рәсімделіп берілді», - деді Ғалымжан Бауыржанұлы.

Департамент алдағы уақытта білім беру ұйымдарының жаңа 2022-2023 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізуді жоспарлауда. Оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешенімен қамтамасыз ету, «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, мектеп құрылысы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен жабдықтау, мұғалімдердің кәсіби қызметін қамтамасыз ету бойынша білім басқару органдарына мониторинг жұмыстарын жүргізеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...