Пробация есебіндегі жастар спорттық іс-шараларға тартылды

Пробация есебіндегі жастар спорттық іс-шараларға тартылды

Үстел теннисі өте қызықты, жан-жақты және әр жастағы адамдар үшін қолжетерлік ойын. Қимыл-қозғалыстың тездігі, шабуылдың шапшаңдығы және техникалық қиыстырулардың кенеттілігімен өзіне қатты қызықтыратыны анық. Осындай ерекшелігімен көпшіліктің назарын өзіне аударып келе жатқан кезекті ойынды Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторлары Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №13 Н. Төреқұлов атындағы мектебінде Жетісай ауданы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінің есебінде тұрған жастарға «Біз - нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбында ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану және қылмыс пен құқықбұзушылыққа жол бермеу. Бұл бәсекелі жарыста пробация қызметінің есебіндегі 25 жас қатысып, турнир көрігін қыздырып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша мына ойыншылар медальмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды:

I орын- Бердалы Бауыржанұлы, II орын - Асадбек Хайруллаев, lll орын - Керімхан Батырхан және белсенді қатысушы - Ғабит Санаев.

Президентіміз болашақ жастарымыздың саулығын әріден ойлап, бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын бірнеше рет ескертіп айтқан болатын.

«Спорт – денсаулық, спорт – сұлулық, спорт – жетістік, спорт – адам мүмкіндігінің қырлары. Біз осыны әрдайым жадымыздан шығармауымыз керек», - деген Қасым-Жомарт Кемелұлы ұлағатты бастамаларын толығымен қолдап, үстел теннисінен жарысты өткізудің инициаторы әрі негізгі ұйымдастырушылары ретінде танылып жүрген «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлеріне қатысушылар зор ризашылығын білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы АЭС құрылысын жүргізуге қатысты жалпыхалықтық референдумды 6 қазанға белгілегеннен кейін, елдегі жетекші саяси партиялар мен...

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдаулар­ындағы басты мақсат – халықтың табысын арттырып, әділетті азаматтық қоғам құру. Биылғы Жолдаудағы 9...

Үкіметте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен жер комиссиясының жаңа форматтағы отырысы өтті, деп хабарлайды ...