Сайрам ауданының орталығы Ақсукент ауылының 19 жастағы жас ғалымы Мұхамеджан Ержанұлымен дидарласып, өндірістік бастамаларымен танысу мақсатында Түркістан облысының мәслихат депутаттары арнайы ат басын бұрды. Депутаттармен бірге «Жастар ресурстық орталығының» еріктілер тобы Мұхамеджанның туындыларымен танысып қайтты. Білімпаз жігіттің өніміне қазірдің өзінде көптеген тапсырыс түсіп отыр.
Мұхамеджан 4 дана протез қол жасапты, бәрі тәжірибеден өткен. Тапсырыс та алып үлгеріпті. Сондай-ақ, осы екі өнімін патенттеп үлгерген жас кәсіпкер алдағы уақытта мемлекеттен қолдау тапқысы келетінін айтты.
Болашақтағы жоспары осы кәсібін дамыта отырып, білімін Назарбаев университетінде жетілдіру.
Мұхамеджан – отбасының үлкені. Өзінен кейін тағы 5 бала бар. Анасы – декреттік демалыста. Информатика мамандығы бойынша айлығы мардымды жұмыс болмаса, тағы біраз үйде отыруға мәжбүр. Отбасының асыраушысы да тұрақты жұмысқа орналаспаған.
Сөз барысында Мұхамеджан өзінің бұдан басқа да ауқымды жобаларын, алдағы уақытта жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.