Жастармен өткен жылы жүздесу!

Жастармен өткен жылы жүздесу!

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің келешегі жастардың қолында деген сөз жиі айтылады. Ал сол елге тұтқа болатын жастардың бойында болуы тиіс, мінез бен қасиеттер, кейде жақсы қырынан көрініс таппай қалып жатқан, кемшін тұстары да байқалып қалып жатады. Жас болса да, бас бола алатын жастарды қолдап, қанатының қатаюына ықпал жасау бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Әрі олардың сүйікті ісімен айналысып, өмірде өз орнына кірпіш болып қалануына жәрдемдесуде алдыңғы толқынның еншісіндегі шаруа.

Осы мақсатты көздеген Сайрам аудандық “Жастар ресурстық орталығының” ұйытқы болуымен Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Гульбахира Тажибаева мен Динара Егамбердиева және облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Ерасыл Толебаев "Amanat" партиясы Сайрам аудандық филиалының мәжіліс залында, ауданның белсенді жастарымен кездесті. Кездесуде жастарға қолдау көрсету бағытында мемлекет тарапынан жасалып жатқан бағдарламалар мен жобалар тыңғылықты түсіндіріліп, туындаған сұрақтарға оңтайлы жауаптар берілді. Елімізді өркениет шыңына шығару үшін әрбір жас білімді болуы мен қатар білікті, тәжірибелі болуы тиіс. Ол үшін не істеу керек? Осы сұрақ төңірегінде біраз ой қозғалып, кеңірек айшықталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...