«Отбасым - отаным» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды

«Отбасым - отаным» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 14 шілде, күні Жүйнек ауылының жастарына отбасы және оның қәдір- қасиеті туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты отбасы құндылықтарын сақтауды үйрету, ата-ана мен бала арасындағы сенімді, сыйластықты, бір- біріне деген құрметті нығайту, отбасыға деген, отанға деген ізгі қарым-қатынасты, тәрбиені орнатуға ықпал ету.

Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Біз тәрбие туралы сөз қозғағанда алдымен отбасын тілге тиек кетеміз. «Отан отбасынан басталады, отбасы тәрбиенің алғашқы баспалдағы»,- деп тектен- текке айтпаса керек ертеректегі ғұлама- ғалымдарымыз.

Кездесу барысында «Ата-ананың ақылы қазулы қара жолмен тең»,- деп Дулат Бабатайұлы айтпақшы, ата-ана баласының түйсігіне қандай із салса, бала сол жолмен жүретіні белгілі. Сол үшін жастарымыз өмірде өз орындарын адаспай тапсын, егеменді елімізде тек қана тыныштық орнасын, әрбір бақытты отбасының шаңырағы шайқалмай, бақытты отбасы, бірлігі жарасқан ел болсын - деп Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Жүйнек ауылдық округінің инспекторы Ташпулатов Рустам кездесуді аяқтады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...