Бейбіт күннің батырлары түркістандық жастармен кездесті

Бейбіт күннің батырлары түркістандық жастармен кездесті

Қауіпті сәтте өзгенің өмірін қорғап, ерлік көрсеткен азаматтар түркістандық жастармен кездесті.

Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығынан шыққан өрт кезінде мемлекеттік рәміздер - Ту мен Елтаңбаны аман алып қалған орталықтың маманы Қансейіт Мұхаммед, құбырға құлап кеткен 2 жасар баланы құтқарып қалған Кентау қаласы, №12 Өрт сөндіру бөлімі, бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Нұрғали Керімбеков, әжетханаға түсіп кеткен бір жасар баланы құтқарған 20 жастағы Рысбек Мейрамбек, кейуананы өрттің ортасынан аман алып шыққан Жетісай аудандық полиция бөлімі миграция бөлімшесінің басшысы Аян Хайруллаев оқыс оқиға кезінде тек адам өмірін сақтап қалуды мақсат еткендерін айтты.
«Отаншылдық – жалаң ұран ғана емес, күнделікті өмірде кездесетін тосын жайттарда тосылып қалмай, өзгелерді құтқару, қол созу деп білемін. Ешкім де ерлікті жоспармен жасап, елге танылайын демейді. Дәл сол сәтте біреуге көмек көрсету, өзгенің өміріне араша түсу – жүрек қалауы» деді жастармен кездесуде Аян Хайруллаев.

«Ту өртеніп жатқанда қарап тұра алмадым», деген Сайрам ауданы, «Сайрам аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының» қызметкері төтенше жағдайда қорқынышты ұмытып, мемлекеттік рәмізді оттан аман алып шыққан.

Жастар бүгінгі күннің батырларымен ашық сұхбаттасып, замандастарының ерлігін елге кеңінен насихаттауды, олардың әр ісін үлгі етуді мақсат ететіндерін айтты.

Атап өтейік, бейбіт күнде болған оқыс оқиғаларда батырлық танытып, адам өмірін құтқарып қалған батыл жандарға бүгін облыс әкімі құрмет көрсетіп, "Түркістан облысына сіңірген еңбегі" үшін төсбелгісін тақты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесінің өткен жолғы отырысында берген...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес тау-кен металлургия кешенін дамыту жөніндегі...

Шымкент қаласы медициналық туризмді дамыту бағытында жоғары технологиялық мамандандырылған медициналық көмек көрсететін алдыңғы қатарлы қалаға...

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс берушілер 5,1 млн жұмыскердің пайдасына 464 млрд теңге сомасына міндетті зейнетақы жарналарын аударды,...