Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Жамбыл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Мемлекет басшысының Жарлығын іске асыру аясында өткен кездесу ашық аспан астында, еркін форматта өтті.
Жамбыл ауылдық округі 5 елді мекеннен тұрады. Орталығы – Бекбота ауылы. Ауылдық округінде биыл 2 000 гектар аумақ халықтың ортақ жайылымына берілді. Тағы 24 мың гектар жайылым аумағы үш жақты мемарандум арқылы тұрғындардың мал бағуына рұқсат етілмек. Қазіргі таңда шаруалармен келісім жүргізу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан басшысының тұрғындармен кездесуінде сұранған мәселелерінің бірі Бекбота-Ащыкөл бағытындағы 9,7 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар автожолын биыл асфальттау жұмыстары басталып, келесі жылы пайдалануға берілмек. Аталған жол құрылысы Республикалық Ұлттық қоры есебінен салынады. Сонымен қатар Жамбыл ауылдық округінің орталығы саналатын Бекбота елді мекеніне Кселл операторының 4G базалық станциясы орнатылып, тұрғындар сапалы ұялы байланыс интернетіне қол жеткізеді.
Аудан басшысымен кездесуде тұрғындар ауыз су беру уақытын арттыру, жаңа емхана салу мәселелерін көтерді. Өз кезегінде аудан әкімі ауыз су тарату нүктесінде орналасқан сорғының қуаттысын орнату бойынша қажетті қаражат қаралатынын, ал жаңа емхана салу бойынша облыстық тиісті басқармаларға сұрау салатынын жеткізді.