Аудан әкімі Ағыбет ауылдық округі тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Ағыбет ауылдық округі тұрғындарымен кездесті

Бүгін Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков бекітілген кестеге сәйкес Ағыбет ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.

Кездесу жиынында аудан әкімі атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын бірқатар жұмыстар туралы қысқаша баяндап, ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Ауыл тұрғындары тарапынан округті газдандыру, елді мекендердегі ішкі көшелерге тас төсеу, Жаңаталап ауылындағы көпірді жөндеу, интернет желісі, жайылымдық жер, автомобиль жолдардың шетін сүру, электр энергиясы қуатының төмендігі және бірқатар басқа да әлеуметтік мәселелер көтерілді.

Аудан әкімі тиісті мекеме басшыларымен бірге сұрақтарға жауап беріп, кейбір мәселелердің орындалуын бақылауға алып, жұмыс жүргізу жөнінде тиісті орынбасарлары мен бөлімдерге тапсырма берді.

Ержігіт Шәріпбектің Ағыбет ауылдық округі тұрғындарымен өткен жиынына аудан прокуроры Нұрлан Ешенқұлов, аудандық мәслихат хатшысы Асқар Кенехан, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, бөлім және мекеме басшылары қатысты.

Кездесу жиынынан кейін Ержігіт Шәріпбеков Ағыбет ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарын бақылады. Аталған нысанның құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекеменің басшысымен кездесті. Кездесу барысында мердігер мекеменің басшысына спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізуді және мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы АЭС құрылысын жүргізуге қатысты жалпыхалықтық референдумды 6 қазанға белгілегеннен кейін, елдегі жетекші саяси партиялар мен...

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдаулар­ындағы басты мақсат – халықтың табысын арттырып, әділетті азаматтық қоғам құру. Биылғы Жолдаудағы 9...

Үкіметте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен жер комиссиясының жаңа форматтағы отырысы өтті, деп хабарлайды ...