Мырзакентте спорт сарайының құрылысы жүргізілуде

Мырзакентте спорт сарайының құрылысы жүргізілуде

Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде спорт сарайының құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда құрылыс нысанының іргетасы қаланды. Спорт сарайы ел игілігіне берілгеннен соң аудан жастарының көптеген спорт түрлерімен кәсіби деңгейде айналысуына мүмкіндік туады.

Нысанның конкурстық құны 881 миллион теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарын мердігер "Нүрі-Л-Жетісай" ЖШС-і жүргізуде. Ағымдағы жылы сәуір айында басталған құрылыс жұмыстары келесі 2023 жылдың соңына дейін жалғасатын болады.

Жалпы спорт сарайының жобасы бойынша нысан 2 қабаттан тұрады. Сондай-ақ, 2 үлкен спорт залы және жаттығу залы, сабақ өтуге арналған арнайы залдар бар. Бірінші қабаттағы спорт залында спорттың гандбол, баскетбол, волейбол түрлері дамытылатын болады. Ал, екінші спорт залында күрес, бокс, гимнастика, ауыр атлетика, жеңіл атлетикамен айналысуға барлық жағдай қарастырылады.

Бұдан бөлек, әкімшілік қызметкерлеріне арналған кабинеттер мен бөлмелер, дәрігерлердің кабинеті, киім шешетін және жуынатын бөлмелер, спортпен шұғылданушылардың демалуына арналған үй-жайлар, санузелдер және ғимарат сыртында автотұрақ пен шағын футбол алаңшасын орналастыру жоспарланған.

Айта кетейік, аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен Мақтаарал ауданында жастардың спортпен шұғылдануына көптеген жағдайлар жасалуда. Бұған дейін құрылысы аяқталған Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионы және түрлі ауылдарда 10-нан астам кіші футбол алаңшалары ел игілігіне берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...