Мақтааралда дербес бөлімдер үшін әкімшілік ғимаратының құрылысы жүріп жатыр

Мақтааралда дербес бөлімдер үшін әкімшілік ғимаратының құрылысы жүріп жатыр

Мақтаарал ауданында аудандық дербес бөлімдер үшін әкімшілік ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Мырзакент кентінің Мадиходжаев көшесінде орналасқан алып ғимарат аудан орталығының келбетіне және де көрік қосатыны сөзссіз.

Құрылыстың жалпы құны 777 миллион теңгені құрайды. Қазіргі таңда мердігер "Нүрі-Л-Жетісай" ЖШС-і тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 3 қабаттан тұратын ғимаратта мемлекеттік қызметшілер мен аудан тұрғындары үшін барлық техникалық-материалдық жағдай жасалатын болады.

Айта кетейік, 2018 жылы іріленген Мақтаарал ауданы екіге бөлініп, жаңадан аудан орталығы атанған Мырзакент кентінде көптеген мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер мектеп ғимаратында, арендалық ғимараттарға жайғасқан болса, ғимарат таппаған бірнеше мекемелер Атакент кентіне қоныс тепті.

Қазіргі таңда Мырзакент кентіндегі С.Рахымов атындағы жалпы орта мектепте 7 бірдей дербес бөлім орналасқан. Құрылысы жүріп жатқан әкімшілік ғимараты пайдалануға берілген жағдайда барлық дербес бөлімдер аталған ғимаратқа көшірілетін болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...