Аудан әкімі әлем чемпионына құрмет көрсетті

Аудан әкімі әлем чемпионына құрмет көрсетті

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Иіржар ауылдық округінің тұрғындарымен өткізген көшпелі кездесуінде осы округтің тұрғыны, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жекпе-жектен әлем чемпионы Махсуда Джаппароваға арнайы құрмет көрсетті.

М.Джаппарова маусым айында Алматы қаласында өткен "Octagon- 31" кәсіпқойлар арасындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы болып, әлем чемпионы атанған болатын. Аудан басшысы спорт шеберінің осы жетістігін ескеріп, жаттықтырушысы Азиз Анетовты да марапаттады.

"Біздің еліміздің көк туын халықаралық жарыстарда желбіретіп, әнұранымызды шырқатып жүрген спортшыларымыз қандай құрметке болса да лайықты. Әсіресе, осы "спорт" атты қиын салада жүрген қайсар қыздарымызды көргенде - қай-қайсымыздың болса да жүрегіміз тітіркенетіні сөзсіз. Мақтаарал ауданының тумасы ретінде біз өзіңмен әрқашан мақтанамыз. Жеңістерің көп болсын, Махсуда!" - деді Бақыт Насырханұлы.

Айта кетейік, Махсуда Джаппарова 1997 жылы Мақтаарал ауданы Иіржар ауылдық округіне қарасты Диқан ауылында дүниеге келген. Жекпе-жектен әйелдер арасында ҚР-нан шыққан тұңғыш рет халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған. Ол "Gamma MMA"-дан Азия чемпионы, жекпе-жектен Әлем Чемпионы.

Қазіргі таңда спортшы 29-шілде күні Алматы қаласында өтетін кәсіпқойлар арасында халықаралық "Octagon-33" турниріне дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Махсуданың жетістікке жетуіне жаттықтырушысы Азиз Анетов үлкен үлес қосуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы АЭС құрылысын жүргізуге қатысты жалпыхалықтық референдумды 6 қазанға белгілегеннен кейін, елдегі жетекші саяси партиялар мен...

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдаулар­ындағы басты мақсат – халықтың табысын арттырып, әділетті азаматтық қоғам құру. Биылғы Жолдаудағы 9...

Үкіметте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен жер комиссиясының жаңа форматтағы отырысы өтті, деп хабарлайды ...