Аудан әкімі кезекті кездесуін өткізді

Аудан әкімі кезекті кездесуін өткізді

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың: «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін. Кездесулер барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін»- деп айтылған жарлығына сәйкес бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбай Алатау батыр, Ұзыната, Көксу және Қоссейіт ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында елді мекендердегі қордаланған түйіткілді мәселелер көтерілді. Аудан басшысы округтер бойынша көтерген мәселелерге толыққанды жауап қайтарып, шешу жолдарын түсіндірді.

Сондай-ақ, кездесу барысында ауыл әкімдеріне, мемлекеттік мекемелер мен дербес бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, мәселелерді ушықтырмай дер кезінде оңтайлы шешіп отыруды тапсырды.

Айта кетсек, аудан басшысы 14 шілде күні Қ.Тұрысбеков, Жаушықұм ауыларының және Шардара қаласының тұрғындарымен кездесетін болады!

Құрметті аудан тұрғындары, көкейіңізде жүрген өзекті сауалдарыңызды кездесулер барысында айтып, мәселелерді біргелесіп шешуге шақырамыз!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов авиация саласын дамыту мәселелері бойынша жиын өткізді. Президенттің Қазақстанның авиациялық хаб ретіндегі рөлін...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қорғауды күшейту және денсаулық сақтау мекемелеріндегі...