Ауданда Үкімет тарапынан көктемгі дала жұмыстарына бөлінген жанар-жағармайдың тасымалдануы өз деңгейінде ұйымдастырылды.

Ауданда Үкімет тарапынан көктемгі дала жұмыстарына бөлінген жанар-жағармайдың тасымалдануы өз деңгейінде ұйымдастырылды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Палатасы» тарапынан әлеуетті жанар-жағармайды жеткізуші операторларға, ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне және аудан, қала әкімдіктеріне көктемгі, күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін жасалынып бекітілген алгоритмге сәйкес, Шардара ауданына 2022 жылы көктемгі дала жұмыстары үшін жанар- жағармайды тауар өндірушілерге жеткізіп беру үшін Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан «Майсс» ЖШС, «КазРосНефть» ЖШС жеткізуші операторы болып, айқындалып бекітілген.

Шардара ауданына 2022 жылы көктемгі дала жұмыстары үшін ақпан, наурыз, сәуір, мамыр және маусым айларына барлығы: 3120 тонна жанар- жағармай бөлініп, ауданға тиісті деңгейінде тасымалданды.

Ауданда шаруаларға берілетін жанар-жағармайдың өз деңгейінде жеткізілуі жөнінде операторлардың жұмысына мониторинг жүргізу мақсатында аудан әкімінің өкімімен құрылған жұмысшы топпен ауылдық округтерде бекітілген операторлар бірлесіп арзандатылған жанар-жағармай бойынша шаруалармен түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары жөнінде газетке хабарламалар, мақалалар әлеуметтік желілерде тұрақты түрде жариялануда. Нәтижесінде, ақпан-маусым айларына бөлінген жанар-жағар майдың бекітілген операторлар тарапынан ауданға 2677,1 тоннасы, яғни 85,8 пайызы тасымалданып, шаруаларға 1 литр дизель отынының құны-195,0 теңгеден босатылды. Бүгінге дейін аудандағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тарапынан жанар-жағар май тапшылығы жөнінде шағым түспеген. Атқарылып жатқан жұмыстар бөлім тарапынан тұрақты бақылауға алынды.

Минералды тыңайтқыштар туралы. Сонымен қатар Үкімет тарапынан субсидиялауға жататын минералдық тыңайтқыштар бойынша әрбір шаруа оздерінің электронды цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦП) «Qoldau.KZ» порталы арқылы өтініш бере алады. Қазіргі таңда аудан шаруаларына 7378,0 тонна, оның ішінде: 6738,0 тонна селитра, 600,0 тонна аммафос, 140,0 тонна карбамид тасымалданды. Бұл мәселе тұрақты бақылауға алынып, ауыл әкімдері тарапынан тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабардар етеміз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...