Бөгенде агросекторды дамытуға барлық шарт-жағдай бар

Бөгенде агросекторды дамытуға барлық шарт-жағдай бар

Аудан әкімі Бағлан Батыршаев ағымдағы жылдың 6 айының қортындысы бойынша Бөген ауылдық округ тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде аудан басшысы ауылдағы ауыл шаруашылық, әлеуметтік, коммуналдық сала бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап, ауылдастарға алдағы жоба-жоспарлармен таныстырды.

«Алты айда құны 39 млн. теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 6-ға артпақ. Ал, ауыл шаруашылығы саласында жылыжай көлеміні ұлғайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп, 22 гектар аумаққа тамшылатып және жаңбырлатып суғару жүйелерін қолдануда. Мұнан бөлек, «Бір алқаптан екі өнім алу» жобасы бойынша 5 шаруа қожалық иелері 22 гектар жерге көкөніс, бақша, жүгері дақылдарын егіп, бірінші өнімнен 610 тонна өнім алды», деді аудан әкімі тұрғындармен кездесуде.

Президент тапсырмасының өңірлерде орындалуына тоқталған Бағлан Дәнебекұлы Бөгенде игерілмей бос жатқан жерлерді ортақ жайылымға қайтару бойынша атқарылған іс-шараларды айтып өтті.

«Бөген ауыл округіне жалпы көлемі 948 гектар ортақ жайылым бекітіліп берілген. Осы жылы қосымша 680 гектар жайылымдық жерді аудандық қорға қайтарып, ортақ жайылымға бекіту жоспарланған. Қазіргі таңда ҚР Жер кодексінің 84-89 баптары негізінде аталған жайылымдық жерлерді мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару арқылы аудандық қорға қайтару жұмыстары жүргізілуде», деді аудан әкімі.

Биыл Бөгенде коммуналдық сала бойынша да атқарылған жұмыстар көп. Тарқатып айтар болсақ, ауылдың 15 көшесіне асфальт пен тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Алда Бөген ауылының (Б.Төлепұлы) ішкі көшелеріне орташа жөндеуге, Ақ алтын көшесіне жарықтандыру құралдарын орнату жұмыстары басталмақ. Б.Исабаев көшесіне жарықтандыру құралдарын орнатуға, ауыз су жүйесін күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы қаралған.

Бөген ауыл округін газбен қамту құрылысының 60 пайыз жұмыстары аяқталып, келер жылға толықтай іске қосылады деп жоспарлануда. Кемер ауылына газ тарту бойынша салалық басқармаға ұсыныс жолданған.

Халықпен кездесу барысында аудан әкімі тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, мәселені халықпен кеңесіп, бірлесіп шешетіндігін жеткізді.

Б.Кенжебаев жалпы орта мектебінде өткен кездесуден соң аудан басшысы Бөген су қоймасындағы ағын судың жағдайымен танысты.

Су шаруашылығы саласының басшыларына шаруаларды егістікке қажетті ағын сумен уақытылы қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...