Шымкентте алғашқы 5 айда барлық салада өсім байқалады

Шымкентте алғашқы 5 айда барлық салада өсім байқалады

2021 жыл Шымкенттің жалпы өңірлік өнімі 2,6 трлн. теңгеден асты, экономикалық өсім 5,4 пайызды құрады.

Биылғы жылы алғашқы бес айда:

өнеркәсіп өнім көлемінің индексі 7,9 пайызға,

инвестиция көлемі 29,2 пайызға,

құрылыс жұмыстары 3,4 пайызға,

пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 44,5 пайызға,

бөлшек сауда көлемі 18,5 пайызға артты.

Атап айтар болсақ алдыңғы 2021 бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қала экономикасында оң даму динамикасы қалыптасып отыр.

Экономиканы құрайтын негізгі көрсеткіштер өсімі қамтамасыз етіліп, күрделі кезеңде халықтың табысын сақтап, оның әл-ауқатын арттыру жөніндегі міндеттер табысты іске асырылуда.

Атап айтар болсақ, 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында Шымкент қаласындағы өндіріс орындарында 355 млрд. теңгенің өнімі шығарылып, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,2 пайызға артты. Ал ауылшаруашылығы саласында өсім 2,1 пайыз болып, өнідірілген өнім көлемі 17,2 млрд. теңге болды.

Шымкент инвестиция тартудан да алдыңғы орындарда. 2021 жылдың бірінші жартыжылдықта қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 131,8 млрд теңгеге жетіп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,9 пайызға өсті. Құрылыс жұмыстары 50,1 млрд. теңгеге жетіп, 15,6 пайыз өсімді көрсетті. Ал бөлшек сауданың үлесі 198, 5 млрд теңгені құрап, 9,6 пайызға артса, тұрғын үй 276,3 млрд теңге болып, 1,9 пайызға өскен.

Қала аумағында әрекет ететін 3 өндірістік аймақта 110 кәсіпорын белсенді жұмыс істеп, 7680 тұрақты жұмыс орындары ашылған. Есепті кезеңде осы аймақтарда құны 1,8 млрд. теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылып, жаңа 274 жұмыс орны ашылған еді.

Шымкент қаласында кәсіпкерлікті де қолдауға басымдық берілген болатын. Соның нәтижесінде кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасына бағытталған қаржы көлемі 2021 алты айда екі есе ұлғайып, 7 млрд. теңгеге жетті. Есепті кезеңде 931 жобаға 2,5 млрд. теңгеге қолдау көрсетіліп, тұрғындар арасында кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік берілді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...