Қайнарбұлақ инфрақұрылымы басты назарда

Қайнарбұлақ инфрақұрылымы басты назарда

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Қайнарбұлақ тұрғын алабына арнайы барып, инфрақұрылыммен қамту, атап айтқанда ауыз су тарту жұмыстарын тексерді.

Құрылыс толығымен келер жыл соңына дейін аяқталмақ.

Ал, табиғи газ жүйесінің құрылысы биыл басталады. Қазір мердігерді анықтау мақсатында конкурс өткізілуде.

Биыл мемлекеттік - жекеменшік әріптестік аясында Степная, Бөлешов, №125 мектеп көшелері жарықтандырылады.

Қала әкімі құрылыс жұмыстарындағы кемшіліктерді дер кезінде түзетіп, жұмыс сапасын үнемі бақылап отыруды аудан әкіміне жүктеді.

Қаратау ауданына қарасты Қайнарбұлақ саяжайында 32 мың тұрғын қоныстанған. Аумағы 7200 гектарды құрайтын елдімекенде 7144 жеке тұрғын үй және 42 тұрғын үй кооперативі бар.

Ондағы балалар №83 жалпы орта мектепте білім алса, бірқатар бала Қайнарбұлақ тұрғын алапта орналасқан екі мектепке барады. Мектепке дейінгі білім беретін 4 балабақша бар. Бұдан бөлек халыққа №54 учаскелік полиция пункті, №10 мемлекеттік емхана қызмет етеді.

Саяжай электр жарығымен 100 пайыз қамтылған. Ауыз су толық берілген. Табиғи газбен қамтылмаған, газдандыру үшін жобалау жұмыстары жүргізіліп, сараптама қорытындысы алынды. Құрылыс жұмыстарына бюджеттік өтінім жолданды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Құрылыс жұмыстары 2022-2023 жылдары жүргізіледі.

Мұндағы 222 көшенің 32-сі асфальтталған болса, 190-ы тас жол. 2021 жылы 24 шақырым топырақ жолға шағал тас төселді. Биыл Энергетик, Карданник, Пресс автомат, Дорожный, Восход, Металлург, Русские березки, Серегин, Толстой көшелері секілді 14 көшеге асфальт төселеді. 2023 жылы - 28 көше (9,2 км), 2024 жылы - 19 көше (14,9 км), 2025 жылы - 8 көше (34,9 км) асфальтталады.

Өткен жылы Степная көшесінде жарықтандыру бағаналары орнатылса, биыл аталған көшеге жарық қосылады. Сонымен бірге, Центральная көшесі жарықтандырылады. 2025 жылға дейін ққосымша 7 көше жарықтандырылмақ.

2021 жылы оптикалық интернет желісі орнатылды.

Былтырғы жылы №83 мектеп маңына демеушілер есебінен 1 спорт алаңшасы, жергілікті бюджет есебінен 1 спорт алаңшасы бой көтерді. Бұл жылы бос жерлерге зерделеу жұмыстары жүргізілмек.

Аталған елдімекенге №№ 70, 2, 149 қоғамдық көлік қатынайды. Қала әкімінің «Қайнарбұлақ» тұрғындарымен кездесуі нәтижесінде №70 бағытқа 2 автобус, ал №2 маршруткіге 1 автобус қосылған болатын, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы АЭС құрылысын жүргізуге қатысты жалпыхалықтық референдумды 6 қазанға белгілегеннен кейін, елдегі жетекші саяси партиялар мен...

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдаулар­ындағы басты мақсат – халықтың табысын арттырып, әділетті азаматтық қоғам құру. Биылғы Жолдаудағы 9...

Үкіметте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен жер комиссиясының жаңа форматтағы отырысы өтті, деп хабарлайды ...