Еңбекші ауданында 132 көше жөнделуде

Еңбекші ауданында 132 көше жөнделуде

Еңбекші ауданындағы 702 көшенің 15-і магистралдық, 596-сы ішкі орамдық көшелер. Оның ішінде 437 көше асфальт, 158-і тас жол, 16-сы топырақ жол. Өткен жылы 57 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Биыл 132 көше жөнделеді.

2025 жылға дейін ұзындығы 200 шақырымды құрайтын 174 көше орташа жөндеуден өтеді. Осы жылы сапалы жолмен қамту көрсеткіші 76 пайызға жетеді.

Бүгінгі таңда Еңбекші ауданы аумағындағы Шаңырақ шағын ауданының екі көшесі орташа жөндеуден өтті.

Жөндеуден өткен Жайдарлы және Ақжарқын көшелерінің жалпы ұзындығы 4,28 шақырымды құрайды. Шағын ауданның көшелерінде пайда болған ойық-шұңқыр кемшіліктер ретке келтіріліп, қалыңдығы 10 см құрайтын асфальт төселді.

Еңбекші ауданындағы Базарқақпа тұрғын алабының халқы көптен бері кездесулерде жол мәселесін көтеріп келген. Нәтижесінде қала әкімінің бекіткен іс-шара жоспарына еніп, былтырдан бері аталған тұрғын алаптың барлық көшелері кезең-кезеңімен ретке келтірілуде.

Жалпы ұзындығы 3,80 шақырымды құрайтын Кендала, Жастар, Тельман көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталып, қолданысқа берілді. Ал,жолға төселген асфальттың қалыңдығы 10 см.

«Көшелерімізге 30 жылдан кейін асфальт төселіп отыр. Тұрғын алабымыз облыстан қалаға ауысқалы бері жол мәселесі енді қолға алынды. Өткен жолы бір топ техника келіп, жолды жөндеу жұмыстарына кіріскен еді. Міне, шаруа соңына жетіп, қуанышқа кенелтті»– дейді тұрғындар.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының айтуынша, бүгінде жөндеуге жоспарланған 308 көшенің 145 көшесінде жұмыстар толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 163 көшені аяқтап пайдалануға беру 2022 жылдың тамыз айының соңына жоспарланған.

Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабындағы Сыдықхан ата көшесі. Көшенің ұзындығы - 2,7 шақырым, ал ені - 5 метр. Бүгінде құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілген.

Жалпы биыл Шымкентте 308 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның 145-нде жұмыстар толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 163 көшедегі жұмыстар күзге дейін аяқталады деп күтілуде, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...