Жаз айларында қаладағы тазалық жұмыстары екі есе қадағалауды талап етеді. Осыған орай бүгін Әл-Фараби ауданына қарасты адам көп шоғырланатын Арбат саябағы, Тәуке хан, Республика даңғылдарында орналасқан аялдамалар мен аяқжолдарды, қоқыс жәшіктері сұйық сабынмен жуылды. Санитарлық тазалық жұмыстарына 50-ге жуық адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылды.
Мұндай қолмен жуу және механикалық тазалау жұмыстары Әл-Фараби ауданы аумағында тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Әл-Фараби ауданы аумағында тазалық жұмыстары қарқын алды. Басты көшелер мен аялдамаларға механикалық жуу және қолмен тазарту жұмыстары жүргізілді.
Атап айтсақ, А.Байтұрсынов көшесі, Тәуке хан даңғылы, Түркістан, Б.Момышұлы және Желтоқсан көшелері сұйық сабынмен жуылуда.
Аялдамаларда тазалық жұмыстарымен бірге ілінген заңсыз жарнамалар алып тасталынды. Сондай-ақ, автобус бекеттерінің айналасы сыпырылып, қоқыс жәшіктері жуылды.
Аталған жұмыстарға 12 техника мен 50 жұмысшы тартылды.
Аудан аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жандандырылып, негізгі орталық көшелерімен тұрғын үй аулалары және қоқыс контейнерлерінің айналасындағы бей-берекет қоқыстар тазартылуда.
Бұл бағыттағы жұмыстарға "Build Stroi" ЖШС 200-ден аса қызметкерлерімен 21 техникасы жұмылдырылды.
Сонымен қатар, Төлеметов, Арғынбеков, Өтегенов көшелерінің бойындағы легустарларды қыру жұмыстары атқарылуда.
Санитарлық тазалық және шөп ору жұмыстары аудан әкімі аппаратының Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің мамандары тарапынан күнделікті бақыланып, қадағалануда.
Құрметті тұрғындар коммуналдық сала бойынша туындаған мәселелер туралы бірыңғай 109 нөміріне хабарласуларыңызға болады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.