Шымкентте құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауыт ашылмақ

Шымкентте құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауыт ашылмақ

Бүгінгі қала әкімінің төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында 15 жаңа жоба таныстырылды.

Кәсіпкер Абжанов қалада құрғақ құрылыс қоспаларын және лак-бояу материалдарын өндіретін зауыт ашуды көздейді. 500 млн теңгені құрайтын инвест жобаның қуаттылығы жылына 1200 дана өнім болмақ. 2022-2024 жылдары жүзеге асырылатын жоба нәтижесінде 200 адам жұмыспен қамтылады. «Жұлдыз» индустриалды аймағынан 5 гектар жер телімін беру туралы шешім қабылданды.

«AINUR GROUP» ЖШС-ы 3D панелді өндіру зауытын салмақ. 500 млн теңгені құрайтын инвестициялық жоба жылына 28 мың дана панель шығаруға мүмкіндігі болады. 2022-2024 жылдары жоба жүзеге асырылса 10 жаңа жұмыс орны құрылады. Нарықта жүрген кәсіпорын өндірісін кеңейту мақсатында қала әкіміне индустриалды аймақтан 1 га жер беруді сұрады. Шаһар басшысы жобаны қолдап, тиісті сала басшысына жер беру туралы тапсырма берді.

Қара қорғасын және цемент мыс өндіретін зауыт – 8 млрд теңгелік инвестициялық жоба 2023-2024 жылдары жүзеге асырылады. Арнайы экономикалық аймақтан 5 га аумақ берілмек. Жылына 8 мың тонна өнім өндіретін кәсіпорын іске қосылса 350 адам жаңа жұмысқа орналасады. Құжаттарын рәсімдеу бойынша тиісті министрлікке өтініш жолданған.

Штаб отырысында мұнан өзге ылғалды майлықтар шығаратын фабрика ашу, жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу, жылыжай кешенін салу, балабақша мен жүзу бассейні бар спорт кешені, мектеп салу секілді жобалар қаралды.

Одан бөлек, ауыл шаруашылығы саласындағы 11 млрд теңгені құрайтын 54 инвестициялық жоба таныстырылды.

Қала әкімі М.Әйтенов әрбірімен жеке танысып, мемлекеттік қолдау түрлері мен қаланың жоғары мүмкіндіктерін айтып, барлығын зерделеу үшін жетекші сала басшыларына тапсырма берді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...