Шымкентте жаңа оқу жылында бастауыш сынып оқушылары 100 пайыз ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі

Шымкентте жаңа оқу жылында бастауыш сынып оқушылары 100 пайыз ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева Ақпараттық–коммуникациялық орталығында өткен брифингте айтты.

– Жаңа оқу жылында мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту үшін толық жағдай жасалған. 1 және 4 сынып оқушылары 100 пайыз ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі, - деді спикер.

Бүгінде 2022-2023 оқу жылына арналған оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендерінің, құралдарының және басқа да қосымша көркем әдебиеттерді сатып алу және оны тасымалдау, жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

Мектептердегі жалпы компьютерлік құрылғылар саны – 56 746 дана (компьютер – 24 029, ноутбук – 28 516, планшет – 4 201).

2022 жылы 1-сыныпқа 27 000 оқушы қабылдау жоспарланған. Қазіргі уақытта қабылданған оқушы саны – 26 578, яғни 98%-ды құрап отыр.

Бүгінгі таңда қаладағы 577 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде кезекте тұрған 88 429 баланың – 88,6%-ы мектепке дейінгі білім беру ұйымымен қамтылған. Оның ішінде, 3-6 жас аралығындағы 53 558 бала – 100%, 2-6 жас аралығындағы 76 416 баланың 89,3% (68 254 бала) қамтылған. 2 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізу үшін қаржы қаралды. 28 балабақша ашу (2 480 орынға) жоспарланып отыр. Сонымен қатар, мемлекеттік балабақшаларға толығымен бейнебақылау жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде.

Биыл 1-сыныпқа 28 мың бала қабылданады деп күтілуде. 2022 жылы оқушыларды қосымша біліммен қамту жоспары - 77,1% жоспарланған. 11 қосымша білім беру ұйымдары және 17 аула клубтары және мектепішілік түрлі үйірмелерде қала оқушылардың 76% қосымша біліммен қамтылған. Оның ішінде жан басына қаржыландыру есебінен 32 000 бала қамтылуда. 1-4 сынып оқушылары 100% ыстық тамақпен қамтылған. 54 мектеп ыстық тамақ қаржысын төлеу барысында қолма-қол ақшасыз карточкалық жүйеге өткізілді, деп хабарлайды білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...