Шымкент қаласы бойынша 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар бағдарламасына өтінімдер қабылдау 2022 жылдың 28 шілде күні сағат 09-00 ден 29 шілде сағат 19-00 аралығында жүргізіледі. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз брифингінде тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева мәлімдеді.
Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 211 пәтер Тұран шағын ауданында орналасқан. Оның ішінде, 1 бөлмелі пәтер саны-106 , екі бөлмелі пәтер саны - 105. Бағдарламаға қатысушылар «kezekte.kz» электронды порталында ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңбасы ) арқылы өтініш бере алады. 2022 жылы жалпы жастар бағдарламасы бойынша 857 пәтер қарастырылған. Қалған пәтерлерге жыл соңына дейін кезең - кезеңімен конкурстар өткізілетін болады.
Жастар жылының салтанатты ашылуында жас қазақстандықтарға қолжетімді бағалармен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жалдамалы тұрғын үй құрылысын қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Бұл баспананы берудегі басты мақсат — жұмыс істейтін жастарға жеке баспана алуға қаражат үнемдеуге мүмкіндік бере отарып, жұмыс істейтін жастарды қолдау болып табылады. Аталған бағдарлама негізінде Шымкент қаласы бойынша 2019 жылдың желтоқсан айында құжаттар қабылдау басталып 2020 жылы сатып алу құқығынсыз жастарға 904 пәтер қолдансқа табысталса, 2021 жылы 300 пәтер берілген. Жастар бағдарламасы бойынша сатып алу құқығынсыз жалға берілген пәтерлерді жастар 5 жылға дейін жалдап тұра алады.
Бұдан бөлек, «5-20-25» кредиттік тұрғын үй бағыты бойынша биыл 1524 азаматты несиелік тұрғынжаймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Аталған тұрғын үйлердің конкурсы кезең-кезеңімен «Отбасы банк» арқылы жүргізілуде. Жеңілдетілген несиелік бағдарламаларға қатысушылар үшін әлеуметтік көмек ретінде Шымкент қаласында биыл тұрғын үй сертификаты үшін жергілікті бюджеттен 500 млн теңге қаржы қаралып отыр. Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20» бағыттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде беріледі, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.