Басқарма басшысы балабақшаларды лицензиялау және жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы брифинг берді

Басқарма басшысы балабақшаларды лицензиялау және жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы брифинг берді

Балабақшаларды лицензиялау бойынша

Бүгін Ақпараттық коммуникациялқ орталықта Шымкент қаласы білім басқармасы басшысы Жанат Тәжиева БАҚ өкілдерімен кездесті. Брифинг барысында балабақшаларды лицензиялау бойынша Жанат Арысбекқызы мен Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Шамшиева Нұргүл Ақылбекқызы ауқымды әңгіме жүргізді.

Олар балабақшаларды лицензиялау кезең-кезеңімен жүргізілетінін және оны енгізу 2024 жылға жоспарланғанын атап өтті. Яғни, бұл мектепке дейінгі ұйымдарға жұмысты сапа стандарттарына сәйкестендіру үшін уақыт берілетінін білдіреді. Сонымен қатар, басқарма басшысы лицензия алу үшін балабақшалар ең төменгі біліктілік талаптарына сай болуы керек екендігін баса айтты.

«Бүгінгі таңда мектепке дейінгі ұйымдарды ашуға бірыңғай талаптар жоқ. Балабақша ашқанда қандай жағдай жасалғанын, кімді жұмысқа алады, материалдық-техникалық жабдықталуы қандай екенін ешкім тексермейді. Кейбір жекеменшік балабақшалар тіпті ашылғаны туралы да хабарламайды. Балабақшаларды лицензиялау 2011 жылы тоқтатылған болатын. Ол кезде бұл балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды арттыруға мүмкіндік берді-деді Жанат Арысбеқызы

Сондай -ақ, Бас ұстаз бүгінгі күні біз балабақшамен 100 пайызға дейін қамтуға қол жеткіздік. Бүгінде елімізде 11 мыңға жуық мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның 5 мыңнан астамы жекеменшік. Енді біз сапа мәселесін бірінші орынға қойып отырмыз. Ешкім балабақша санын қысқартуды мақсат етіп отырған жоқ. Басқармаға ата-аналардан арыз-шағымдар түсіп жатыр. Егер балабақшаның жұмысы талапқа сай болса, онда ол еш қиындықсыз лицензия алады. Ал егер сәйкессіздіктер болса, оларды жою қажет. Міне бар-жоғы осы. Министрлік 2024 жылдан бастап кезең-кезеңімен лицензиялауды енгізеді. Балабақшадағы жұмысы сапалы жүріп жатқан кәсіпкерлерге қорқатын ештеңе жоқ. Қалыпты, талапқа сай жұмыс істеп жүрген балабақшалар лицензиялаудан қорықпайтынын ерекше атап өткім келеді. Рәсім толығымен автоматтандырылып, тұрақты түрде жұмыс істейді», 2024 жылдан бастап, Бірінші кезеңде енді ашылып жатқан мектепке дейінгі ұйымдар лицензия алады. Бұл жылына шамамен 200-дей балабақша.

Келесі кезеңде – қайта мемлекеттік аттестациядан өте алмаған мектепке дейінгі ұйымдар (жылына 10-15 балабақша). Содан кейін тәуекелді бағалау дәрежесіне байланысты қалған барлық жұмыс істеп тұрған балабақшалар өтетіндігін жеткізді.

Брифингке жиналған журналистер қауымы бірқатар сұрақтар берді. Нақты жауап алды. Қаламгерлермен өткен брифингке басқарма қызметкерлері, білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...