Құрылыста отандық өнімнің үлесі басым

Құрылыста отандық өнімнің үлесі басым

Шымкент қаласында қарқынды жүріп жатқан құрылыстағы отандық өнімнің үлесі 98 пайызды құрайды. Шымкент қаласында жалпы құрылыс материалдарын шығаратын 215 кәсіпорын жұмыс істейді. Биыл жыл басынан бері бұл кәсіпорындар жалпы көлемі 34,2 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда, 4,5 пайызға артық деген сөз! Құрылыс материалдарының елдегі өндірісін дамыту үшін мегаполисте 2020-2021 жылдары 9 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Алдағы жылы үш темірбетон өндірісі мен шыны пластиктер, газоблок, асфальт-бетон, жолаяқ тақталарының өндірісі және полипропилен, поливинилхлорид, термоэластопласт бұйымдарының өндірісі, әрлеу материалдары мен құрғақ құрылыс қоспалары сияқты жобалар іске қосылмақ. 

No-comment.kz

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ