ҚАЛАДАҒЫ ЖЕРЛЕРГЕ ТҮГЕЛДЕЙ ТҮГЕНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ҚАЛАДАҒЫ ЖЕРЛЕРГЕ ТҮГЕЛДЕЙ ТҮГЕНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Қала әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен өткен жиында қалалық жер қатынастары және сәулет бөлім басшысына осылай тапсырма берді. Күн тәртібінде бес мәселе қаралды. Алғашқы баяндама жасаған бөлім басшысы Асқар Баубек Кентау қаласы аумағында пайдаланбай жатқан және жер заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерлерді қайтару барысы туралы мәлімдеді.
Жалпы Кентау қаласының жер қоры –52 767 га құрайды. Кентау қаласы әкімінің өкімімен жұмысшы топ құрылып, түгендеу жұмыстарын және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскескелерін анықтау іс шаралары жүйелі түрде жүргізілуде.
Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы мақсатында 123 жер пайдаланушыға тиесілі жалпы алаңы 13 611 гектарды құрайтын жер учаскесі нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқандығы анықталып, актілер түзілген.
Бүгінгі күнге елді мекен ішінде кәсіпкерлік мақсатта алынып, алайда нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан 28 жер пайдаланушыға қатысты жинақталған іс құжаттар уәкілетті органға жолданған, дейді бөлім басшысы.
Қаладағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік ахуалдың жағдайы мен өзекті мәселелер бойынша қалалық ішкі саясат бөлім басшысының м,а М.Сарманов баяндап өтті. Кентау қаласы бойынша қоғамдық саяси ахуалды қамтамасыз ету, ұлтаралық татулықты нығайту мақсатында зиялы қауым, қоғамдық ұйым өкілдері, жоғары оқу орындары, арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, жастар құрамымен жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы айтылды.
Қалалық №5 Жылу орталығының басшысы А.Төлеу алдағы қысқы маусымға дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Қала басшысы қала үшін ең өзекті Жылу болғандықтан әрбір атқарылып жатқан жұмыстарға баса назар аудару қажеттігін айтты. Жұмысты ұдайы бақылауға алуды орынбасары Қ.Искаковқа тапсырды. Әр апта сайын Жылу орталығындағы жұмыстар жайында баяндап отыру жүктелді.
Қаржы және экономика бөлімінің басшысы И.Азизбаев қала бюджетінің игерілуі бойынша ақпарат берді. Уақытында қаржының игерілмеуі бар бөлімдерге қатаң ескерту жасалды. Тұрғындар тарапынан 109 байланыс орталығына келіп түскен арыз-шағымдар мен өтініштердің орындалу барысы жайында бөлім басшысы С.Нарбек ақпарат берді.
Өтініштердің уақытынан асып орындалмай отырған бөлімдерге ескерту жасалды. Үш ескерту алған басшылардың жауапты маманынан бастап шара көрілетін болады, деді қала әкімі.
Қала тазалығы бойынша бөлім басшысы Ә.Елеусізов бірқатар ақпараттар ұсынды. Әліде қалыпқа келми отырған нысандардың тазалығы сынға ілінді. Басым көпшілігінде жол жиегіне құрылыс қалдықтарын қалдырған. Бұл бойынша жергілікті полиция бөлімшесіне нақты, қатаң тапсырма берілді. Бей-берекет құрылыс қалдықтарын тастаған тұрғындар мен көшенің орталығында жайылып жүретін үй жануарлардың иелерімен жұмыс жүргізу қажеттілігін, оған көнбегендерге айыппұл салуды міндеттеді. Қаланың тазалығы тұрғындардың саулығы үшін маңызды екенін түсіну қажет.
Сонымен қатар, қаладағы барлық жерлерге түгендеу жұмысын жүргізуді қалалық жер қатынастар және сәулет бөлім басшысына тапсырды. Қалалық ішкі саясат бөліміне тұрғындар тарапынан көтеріліп жүрген мәселелерге дер кезінде мониторинг жасап отыруды, ол бойынша қажетті бөлімдермен жұмыс жүргізуді тапсырды. Тұрғындар тарапынан назар салынған кез-келген мәселеге уақытында кері байланыс орнатып жұмыс жүргізу қажет, деді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...