ХАНТАҒЫДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

ХАНТАҒЫДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Кентау қалалық емханасының басшысы Ғ.Бахтиярұлының тапсырмасына сәйкес емханаға қарасты ауылдарды ашық есік күндерін өткізу туралы кесте бекітілген болатын. Кестеге сәйкес емхананың бейінді мамандар бөлімінің дәрігерлері Қарнақ ауылдық БМСКО-да ашық есік күнін өткізген болатын. Ал, келесі ашық есік күні ХАНТАҒЫ ауылдық ДА-да өтті. Ауылға арнайы барған онколог, кардиолог, невропатолог, лор, окулист және хирург дәрігерлері 120-дан аса тұрғынды тексеруден өткізіп, кеңесін берді.
Ашық есік күндерінің негізгі мақсаты - ауруларды ерте сатысында анықтап, тиісті ем-шараларды тағайындау.
Бекітілген кестеге сәйкес келесі ашық есік күні БАЙЫЛДЫР ауылдық ДА-да өтеді. Тұрғындарға алдын ала хабарланатын болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-та жоғары білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға бағытталған бірқатар...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша Көлік, Қаржы министрліктері...