ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ СПОРТШЫЛАРДЫ ТӨЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ СПОРТШЫЛАРДЫ ТӨЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда спорт күні аталып өтеді. Бұл мереке елде спортты дамыту мен спорттағы жетістіктерді ынталандыруға арналған.Шардара ауданында спорттың дамуына, спорттағы жетістіктерді ынталандыруға жақсы жағдай жасалған. Сондай-ақ, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
Мерекеге орай аудан әкімі Қ.Жолдыбай ауданымыздығы бірқатар спортшыларға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстап, ыстық лебізін білдірді.
«Құрметті спортшылар, Сіздерді тамыз айының үшінші жексенбісінде атап спорт күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әрбіріңіз қоғамға салауатты өмір салтын насихаттай отырып, ауданымыздың, өңіріміздің және еліміздің даңқын дүниежүзіне асқақтатып келесіздер. Спорт саласында ауданымызда ауыз толтырып айтар жеткістіктер жетерлік. Бұл Сіздердің және жаттықтырушылардың ерен еңбегінің арқасында деп білемін.
Бүгінгі күнге дейін Азия мен Қазақстан чемпионаттарын қоспағанда, Шардара ауданынан 90-Әлем чемпионы шығып отыр. Алдағы уақытта ауданымыздың спортшылары Олимпиада шыңын бағындырады деп сенемін.
Сіздерді тағы да төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңіз саулық тілеймін»- деді аудан басшысы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов «Металлург күні» кәсіби мерекесіне орай тау-кен металлургия саласының еңбеккерлеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік...

2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 857,9 мың отбасы...

Премьер-министр Олжас Бектенов Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Онда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске...