АУДАНДА АУЫЗ СУ МЕН ГАЗ МӘСЕЛЕСІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛІП КЕЛЕДІ

АУДАНДА АУЫЗ СУ МЕН ГАЗ МӘСЕЛЕСІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛІП КЕЛЕДІ

Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбектің тапсырмасына сәйкес аудандағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында округтердегі елді мекен тұрғындары мен әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандарды газдандыру, сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудандағы 113 елді мекеннің 56-сы көгілдір отынға қосылып, газ пайдаланушылардың саны аудан тұрғындарының 52,8 пайызын құрап отыр.
Бүгінде Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Әбдіхалық, Атақоныс, Қарой, Мырзашөл, Қызылқұм ауылдық округінің Ақтөбе, Алғабас, Киров, Көбек, Қосқұдық, Қызылқұм, Қызылту, Мақталы, 1 Мамыр, Түркебай, Жалпаққұм, Ж.Ералиев ауылдық округіндегі Ғ.Мұратбаев, Абай ауылдық округі Отан, Бейбітшілік және Мақталы ауылдық округінің Дархан, Сарқырама, Шолпанқұдық, Темір жол, Жайлаукөл 23 елді мекеннің газ өткізгіші құрылысын жүргізуге сараптаманың оң қорытындысы алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстар толығымен аяқталған соң тағы 23 831 жетісайлық тұрғын көгілдір отынды тұтынатын болады.
Сонымен қатар, аудан тұрғындарына қажетті мөлшерде газ жеткізіп беру, табиғи отын тапшылығын болдырмау мақсатында сметалық құны 3,8 млрд теңгені құрайтын Қарақай ауылдық округінде «Жетісай» және Ынтымақ Ауылдық Округінде «Киров» АГТС салу жұмыстары «БатысМұнайГазЖабдықтары» ЖШС тарапынан бекітілген кестеге сай жүргізіліп келеді.
Сала мамандарының айтуынша екі бірдей автоматтандыру газ таратқыш станциясы іске қосылған жағдайда аудан тұрғындары тұтынып келген 18 мың текше метр газға қосымша 50 мың текше метр қосылатын болады.
Одан бөлек, аудан басшысының тапсырмасымен Қазыбек би ауылдық округінің Құрбан ата елді мекені мен Ж.Ералиев ауылдық округінің С.Сейфуллин елді мекенінің ауыз сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңартуға жоба дайындалып, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін тиісті салалық басқармадан қаржы бөлдіруге ұсыныс енгізілген. Жоба жүзеге асқан жағдайда 4417 тұрғынға таза ауыз су жеткізіп берілетін болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...