ТЕСПЕ КӨЛІНІҢ МАҢЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ

ТЕСПЕ КӨЛІНІҢ МАҢЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ

Ордабасы ауданы әкімі кезекті сапарында Теспе ауылына қарасты Теспе көлінің маңында жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.
Тұрғындармен еркін форматта өткен кездесуде ауыл шаруашылығы, электр жүйесі, газдандыру, ортақ жайылым жөнінде мәселе көтерілді.
Ауыл тұрғындарының айтуынша ауылдағы электр бағаналары соңғы рет Кеңестер Одағы тұсында ауыстырылған. Осы мәселені аудан басшысының алдында айтқан ауыл ақсақалдары, салаға жауапты мекеменің жұмысына көңілі толмайтындығын жеткізді.
Өз кезегінде аудан басшысы «Оңтүстік Жарық» мекемесіне тұрғындар тарапынан айтылған сын-ескертпелерді уақытылы ретке келтіруді міндеттеді.
Сондай-ақ, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Арман Искаковқа 2018 жылы құрылысы жүргізіліп тоқтап қалған газдандыру жұмыстарын қайта бастап, күз айына дейін ауылды газдандыру жұмыстарын аяқтауды тапсырды.
Ал, ауылдың атыз-арығына ағын су жүргізу үшін көлден бөлінген каналдарды механикалық тазалаудан өткізуге арнайы техника қарастырып, жұмысты жуық арада бастайтындығын айтып өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...