ЫНТЫМАҚ АУЫЛЫНДА КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ

ЫНТЫМАҚ АУЫЛЫНДА КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ

«Біз ауданымызға қарасты барлық ауылдарды аралау барысында шешімін таппаған күрделі мәселелерді арнайы хаттамаға түсіріп, ауданның алдағы 5 жылдық даму жоспарын әзірлеп, жол картасына енгіземіз. Сол арқылы жоспарлы түрде инфрақұрылым, коммуникация, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, мәдениет, спорт саласы бойынша талданып, сараланған мәселелерді кезең-кезеңімен республикалық, облыстық, аудандық бюджеттен жүзеге асыратын боламыз. Тіпті, шешімі кезек күттірмейтін мәселелерді инвесторлар, демеушілер есебінен жүргізуге күш саламыз», деді Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов Ынтымақ ауылының тұрғындарымен кездесуде.
С.Ысқақ негізгі орта мектебінде өткен кездесуде тұрғындар тарапынан бірнеше өзекті мәселе ортаға салынды.
Соның ішінде ауылдың орталық көшесін жарықтандыру мәселесі айтылып, ынтымақтықтар аудан әкімінен қолдау сұрады.
Өз кезегінде Нұрбек Бақтыбайұлы салалық бөлімге «Оңтүстік Жарық» мекемесімен бірлескен түрде ауылдың жарықтандыру жұмыстарын ай көлемінде аяқтауды тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...